Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Дархан халыққа мың алғыс!

Дархан халыққа мың алғыс!


Қазақ ұлтының мейірбан, бауырмал қасиеті талай ұлт өкілін демеді, жігерін жаныды. Қамыққанға қолдау білдіріп, жабыққанның жанын жылы сөзбен емдеді. Өзбек ұлтының өкілі Инабат Шанбаевамен кездескенде ұлтқа деген сүйіспеншілік пен ақпейіл көңілін аңғарғандай болдық. Қазақстан – құтты Отаным деп қазақы қасиетті, дәстүр мен салтты сіңіруді басты мұраты санайтын анамен тілдесудің сәті түсті.


– Қазақ ұлтының басқа ұлт өкілдеріне көрсеткен қамқорлығының арқасында ешкім де далада қалған жоқ. Керісінше, қазақ даласында өсіп-өркендеп, ұрпақтарын оқытып, жеткізіп, өзінің тілін, дінін, салты мен мәдениетін сақтап, дамытып, Қазақстанда бірлік пен достықты нығайтуда. Бұл Қазақстанның ең басты байлығы екенін Мемлекет басшысы үнемі айтып келеді. Сондықтан да, 1 Мамыр мерекесінің маңызы ерекше. Бұл күнді біз де отбасымызбен асыға күтеміз. Достарымыздың үйіне қонаққа барып, оларды үйіміздің төріне шығарамыз.
Біздің ата-аналарымыз нәубеттің тауқыметін айтарлықтай көрді. Қазақ халқы өзі де ашаршылықтың, соғыстың зардабын тартса да, жер аударылып келгендерді сыртқа тепкен жоқ. Бір нанын бөлісе жеп, үйіне өз жақыны келгендей бауыр тұтты. Бұл қонақжай қамқорлығын өзге ұлт өкілдері ешқашан ұмытпайды, – дейді.
Қазақстандағы ұлттар достығын көзбен көріп, жүрекпен сезініп жүрген жерлесіміз көңілі дархан қазақ халқына алғыс айтады. Қазақ тілін білуді достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы деп білетін оның немерелері қазақ тілін жетік меңгерген. Әсіресе Қадыр мен Жасмині көрші балалармен қазақша сөйлегенде таңқалдырады. Бұл шаңырақта ұлттар достығы берік орын алған. Отағасы қазақ болса, келіні Розия да өзбек ұлтының өкілі. Қазақ ұлтының шаңырағының керегесін кеңітіп отырған бұл шаңырақтың әрбір ісі көпке үлгі. Өздері еңбекқор.
– Қазақ тілін білу – достықтың кілті, ынтымақтастың бастауы деп білемін. Мемлекеттік тіл – біздің ортақ құралымыз, қарым-қатынас тілімізге айналды. Достарымыз әртүрлі ұлт өкілдері болса да бір-біріне қамқор, жанашыр, тілекші. Бір-бірінің басына қиындық түссе бөліседі, қуаныш болса ортақтасады. Біздің тіліміз басқа болғанымен тілегіміз бір, жүзіміз басқа болғанымен жүрегіміз бір, –дейді.
Кейіпкеріміз қазақ туралы айтқанда ерекше тебіреністе болды. Жасы үлкенге кішілік ізет танытып, кішіге аға бола кететін қазақтай дархан ұлт әлемде жоқ шығар деген пікірде. Жат жерде жақыны болып кеткен қасиетті қазақ халқына деген жүрекжарды лебізі оның жадырай түскен жанарынан білініп тұрды...

Айкерім МӘДИҚЫЗЫ
01 мамыр 2021 ж. 861 0