МАМЫРАЖАЙ МАМЫРДЫҢ МЕРЕЙЛІ МЕРЕКЕСІ
Елімізде сан түрлі этнос өкілдері бір арнаға ұйысып, татулықта тіршілік кешуде. Әрине, мұндай бейбітшіліктің бастауында ұлттар мен ұлыстардың өзара рухани келісімі тұр. Елбасы Жарлығымен қабылданған 1-мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні жыл сайын жоғары деңгейде тойланып, халықтар арасындағы татулықты нығайтып келеді. Мерейлі мереке Жаңақорған жерінде де сән-салтанатымен аталып өтіліп, ел бірлігі ұлықталды.
Орталық алаңда өткен салтанатты шараның шымылдығын түрген аудан әкімі Ғалым Әміреев жиылған жұртшылықты мерекемен құттықтады.
– Халық бірлігі – қасиетті сөз. Халық бірлігі болған жерде несібеміз бен құт-берекеміз ортақ. Сондықтан 1 мамыр мерекесінің басты құндылығы осы.
Ел басына күн туған қилы замандарда да халқымызды ұлт ретінде сақтап қалған осы ынтымағымыз бен бір-бірімізге деген бауырмалдығымыз. Біреуге шолақ өмір жолдарында өзін өзекке теппей, өзгенің қызылына қызықпай, ұлтымыз терең кемеңгерлікпен, ешқашанда тарылмаған кеңдігімен құшағын кеңейтіп келеді.
Бейбітшілік пен татулықтың арқасында бізді болашақта бұдан да жарқын, баянды күндер күтіп тұрғаны айқын. Бүгінде Жаңақорған ауданында 18 ұлттың өкілі тату тәтті ғұмыр кешіп, ауызбіршіліктің үлгісін көрсетуде. Бір шаңырақтың астындағы халқымыздың достығы мен өзара түсіністігі одан әрі жалғасып, еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін! – деген аудан басшысы өңірдің өркендеуі мен гүлденуіне өзіндік үлесін қосып жүрген бір топ сала үздіктеріне «Алғыс хат» табыстады.
Марапат биігінен көрінген үздіктер қатарында; Ғалия Байтелеева, Әбдіхалық Наметов, Есенгелді Ержігітов, Еркін Бекаев, Анарбек Баймұратов, Ким Леонид, Флюра Халирова, Кенжегүл Әкімбаева, Байрам Ахметов, Рамиз Байсалов, Күлдана Жақыпбекова сынды өз саласының майталман қызметкерлері бар.
Иә, қоғамның тұтастығы қай кезде де ішкі татулық пен берекеден бастау алған. Ынтымағы жарасып, түрлі ұлыстың басын қосқан қастерлі қазақ топырағы бейбітшіліктің қара шаңырағына айналды. «Қиындық атаулыны жеңетін бір-ақ күш бар, ол – бірлік» демекші, ел басына күн туған замандарда халқымызды ұлт ретінде сақтап қалған ынтымағы мен бірлігі десек, артық айтпағанымыз болар.
– Достық пен ынтымақ бар жерде, береке мен ырыс болары айдан анық. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ. Ауызбірлік пен түсіністік, қарапайым сыйластық үстемдік құрған жерлерге қашанда нәтижелі істердің үйір болатыны белгілі. Ұлт пен ұлыстың татулығы арқасында, бүгінде, мемлекетіміз өркендеп, ілгері дамып келе жатыр. Осындай бейбітшіліктің арқасында бүгінде өз кәсібімді дөңгелетіп, халыққа қызмет көрсетудеміз. Осы орайда, мамыражай мамырдың алғашқы мерекесінде Қазақстандағы барша ұлыс көңілі даладай дархан қазақ жұртына ризашылық сезімін білдіреді, – дейді кәріс ұлтының өкілі Ким Леонид.
Мұнан кейін, мерекелік шара аудандық мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты. Әсіресе, патриоттық бағыттағы әндер жиылған жұртшылықтың қошеметіне ие болып, мерекелік көңіл күй сыйлады. Осылайша, Бірлік күнін, жоғары деңгейде атап өткен Жаңақорған жұртшылығы ауызбіршіліктің ерен үлгісін паш етті.
Мақпал МАРҚАБАЙ.

Пікір 270