№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Қазақстан менің отаным!

Қазақстан менің отаным!

Бала кезімде Мария Пумпуридидің үйіне жиі баратын едік. Жақында тағы да осы үйдің табалдырығын аттаудың реті түсті. Грек ұлтының шаңырағына кіріп бара жатқанда, бойымызда балалық күннен қалған үреймен қорқып кіргеніміз шындық. Себебі шыққан қол-аяғымызды салдыру үшін ата-анамыз Марияның үйіне алып келіп, бізді біраз ойбайлататын еді. Бұл жолғы мақсатымыз М.Пумпуридидің үйіне Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығымен құттықтап, сұхбат құру.  
Қазақстанға екінші дүние жүзілік соғыс біткеннен кейін қоныс аударған екен. Марияның әкесі Жетісайға 9 жасында келеді. Ол сонда бой жетіп, білім алады. 1970 жылы Төменарықта өткен құрбысының тойына келеді. Тойдан кейін Марияны алып қашады. Бойына қазақылықты сіңірген бойжеткен «дәм-тұзым бұйырған жер осы болар», – деп келіседі. Осылайша Төменарықтың топырағын өзінің туған жеріндей көріп, ұрпақтарына тәлімді тәрбие, мазмұнды білім алуға жағдай жасайды.
1953 жылы туылған Мария 1976-1992 жылдары совхозда білек сыбана еңбек етеді. 37 жасында көршісінің екі жасар қызы Динараның иығы шығып кетеді. Аталарынан келе жатқан қабілетінің арқасында Мария жылап жатқан қыздың иығын салып, көршілерінің алғысын алады. Содан бері «сынықшы Мария» аталып кетіпті.
«Бүгінде сары аурумен ауыратындардың қанын алып, сауығуына жәрдемдесем. Сондай-ақ, 40 пайызға дейін күйген теріні емдеймін», – дейді ол.
Қазақ тілінде сауатты сөйлейтін Марияға Грекияға көшкілеріңіз келмей ме? – дегенімізде:
– Күйеуім Иван кезінде Грекияға барып қайтты. Ол Тарихи отанынан келгеннен кейін, «Төменарығымнан артық жер жоқ екен», – деген болатын. Сондықтан Қазақстан менің отаным! Қазақстан – ұрпағымның өсіп-өнетін құтты мекені. Біз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай Қазақстан «Мәңгілік Ел» ретінде өмір сүруіне ниеттіміз, – деп жауап қатты.
Келіні Ирина да қазақы болмысты бойына сіңіріпті. Елена, Мария, София есімді қыздарды тәрбиелеп отырған ол «енді үш ұл тусам деймін», деді. Біз барғанда қазақшаға судай қыздары шешесінің бауырсақ пісіруіне көмектесіп жүрді. «Көршілеріміз құран оқытқанда арасында болып, тойларда қуанышын бөлісуге, өлім-жетімде қайғысына ортақтасуға тырысамыз. Жалпы «көршің жақсы болса, ағайынды аңсамайсың» ұлағатын берік ұстанамыз, – деді Мария.
Түйін. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Отанды сүю –өркениеттіліктің бірінші белгісі», дегені осындай жандарға айтылса керек-ті.
Нұр-Кенже.
18 қазан 2019 ж. 817 0