№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » » Болашақ ұстаздың биігі

Болашақ ұстаздың биігі

Ғасырға жуық тарихы бар Жаңарық ауылындағы №167 орта мектептен қаншама тұлғалар, қоғам қайраткерлері мен дарынды жастар шықты. Білім биігіне көтеріліп, бүгінде ел басқарып жүрген азаматтар аз емес. Бұл ең алдымен ұстаздардың жемісі, шәкірт бойына білім нәрін дарытып, болашаққа деген бағдарын айқындап берді. Ұстазы талантты болса, шәкірті талапты болады, деген осы болар. Осы мектептің түлегі Замира Көпжасарқызы жақында «Елбасы медалін» кеудесіне тақты. Дарынды жаспен жүздесіп, бұл сатыға көтерілу жолын сұрастырдық.
«Ел үміті» жобасы аясында өт­кен «Елбасы медалі» байқауында жо­ғары көрсеткішке ие болған жаңа­қорғандықтар бар. Жалпы «Елбасы медалі» аясында өткен байқауға қатысқан оқушылар алтын, күміс және қола деңгей бойынша сынға түсті. Сыр елінен 400-ден аса оқушы қатысып, үш деңгейде жеңімпаздары анықталды. Бұл жоба – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының әлеуметтік бастамасымен жүзеге асты. Оның мақсаты – пәндерді оқып үйренуге және одан әрі дамытуға қажетті дағ­дылар мен бейімделуге бағытталды. Замираға бұйырғаны қола деңгей.
Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде білім алатын кейіпкеріміз қазір 2-курста. Сабақ онлайн жүйеде болғандықтан, ол ауылдың тыныс-тіршілігіне араласып жүр. Әсіресе, қайырымдылық шараларында жиі төбе көрсетіп, қол ұшын беруге тырысып келеді. Талантты жастың тұғыр төрінен қалай орын алғанын білуге асықтық.
– Негізінен «Елбасы медалі» жоба­сы алты бағыттан тұрады, ұлттық мұра, спорт және денешынықтыру, кітап оқу, дарындар мен дағдылар, волонтерлік, туристік саяхат. Алдымен денешынықтыру бойынша 13 күн күнделікті жаттығу жасап, онлайн жүктеп отырдым. Одан кейін, кітап оқу бағыты бойынша әлемдік кітаптан Лев Толстойды, қазақ әдебиетінен Абай Құнанбаевты және өз-өзіңді дамыту бойынша Қуаныш Шонбайдың «Екінші болма» кітабын оқып тауысып, мазмұнын ашып бердім. Ұлттық мұра бойынша да қазақ әдебиетін оқып, салт-дәстүрлерді дәріптеуді жөн көрдім. Дарындар мен дағдылар бойынша 13 түрлі тағам әзірлеп, ұсындым. Волонтерлік бағытында аула тазалау, мектеп оқушыларын білім нәрімен сусындауына, кітап оқуға баулыдым. Сондай-ақ, қоғамдық жұмыстарға араласып тұрдым.
– «Харекет қайырымдылық қоры» жасаған ізгіліктеріне қолғабыс болып, мүмкіндігінше жақсы амалдар жасауға тырысып келемін. Қор директоры Гүлмира Мұханқызының арнайы «Алғыс хатын» алдым, – дейді ол.
Міне, Замира Тұңғыш Президент медалін осылай иеленді. Шынында, оның бос уақыты жоқ, қолы қалт етсе кітап оқиды, жақсылық жасауға асығады. Көбіне мектеп оқушыларымен уақыт өткізгенді жақсы көреді, өйткені болашақ мамандығы бастауыш сынып мұғалімі. Осы бастан балаларға сабақ беруді ториялық емес, практикалық түрде жүзеге асырып келеді. Оның ұстаз болуы анасынан дарыған, өйткені Раушан Сәрсенова да мектепте дәріс береді.
– Замира жалпы отбасыда егіз қыздың сыңары. Білімге бала кезден құштар, кішкентайынан мұғалім боламын деп армандады. Отағасы Көпжасар екеуміз балалардың біліміне, оқу үлгеріміне көбірек мән береміз. Шыны керек, қазіргі оқушылардың барлығының білім деңгейі жоғары. Жоғары оқу орнын тәмамдамай жатып, дайын маман иесі атанып үлгереді. Оның барлығы осындай жобалардың, байқаулардың арқасында, – дейді Раушан апай.
ХХІ ғасыр білім ғылымның, озық техниканың алтын дәуірі. Осы бағытта дамыған елдер ғана бәсекеге қабылетті бола алады. Ол үшін осындай талантты жастардың дарынын шыңдап, білімін жетілдіре түсу міндеті тұр. Сонда ғана өркендеудің өрелі көшіне ілесеміз. Сөз соңын Замира ұстаздарын атап, оларға алғысын жеткізді.
– Бір әріп үйреткенге қырық жыл сәлем бер демекші, алдымен мектептегі ұстазым Айткүл Бекташеваға, Клара Джумадиловаға және Гаухар Құрбанова апайыма алғыс білдерімн. Сондай-ақ, Гүлсім Құдасова, Гүлназ Шайдарова мен Фарида Нұрмағанбетованың еңбегі зор. Арнайы рахметімді жобақатысуыма себебші болған, әрі университеттегі тәлімгерім Бәйімбет Хвайдулла ағайға айтамын, – деді ол. 
Әли ТЕМІРБЕК
25 сәуір 2021 ж. 712 0