№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » «Елбасы медалі» Еркебұланға бұйырды

«Елбасы медалі» Еркебұланға бұйырды


Еркебұлан Толыбайұлы «Елбасы медалін» кеудесіне таққан алғашқы жаңақорғандық оқушы. Білімпаз биыл тұңғыш рет «Ел үміті» жобасы аясында өткен «Елбасы медалі» байқауында жоғары көрсеткішке ие болды. Н.Илялетдинов атындағы №169 мектепке арнайы барып, Еркебұланды әңгімеге тарттық.
«Елбасы медалі» аясында өткен байқауға  қатысқан оқушылар алтын, күміс және қола деңгей бойынша сынға түсті. Сыр елінен 400-ден аса оқушы қатысып, үш деңгейде жеңімпаздары анықталды. Бұл жоба – Қазақстан Респу­бликасы Тұңғыш Президенті-Елбасы Қорының әлеуметтік бастамасымен жүзеге асты. Оның мақсаты – пәндерді оқып үйренуге және одан әрі дамытуға қажетті дағдылар мен бейімделуге бағытталды. Еркебұланға бұйырғаны қола деңгей. Жалпы Жаңақорғанның білім саласында озық тұстары көп, ең бірін­ші оқушылардың ынта-жігері, білімге құштарлығының арқасында, сондай-ақ ұстаздардың талапшылдығының нәти­жесінде облыста озық келеміз.
11 сыныпта оқитын кейіпкерімізді мектеп директоры Аллаберген Ахметов марапаттап, ұжым мен оқушылар алдында мерейін тасытты. Айтпақшы, аудан бойынша екінші қола деңгейді бағындырған Әлиасқар Заңғар да осы мектептің оқушысы. Осыдан-ақ бұл мектептің білім деңгейін бағамдай беруге болады.
Еркебұлан өте ақкөңіл, мінезі ашық бала, оның сөйлеген сөзінен келешекте бір саланың жүгін көтерер азамат болатынын сеніммен айта аламыз. Өзі айтқандай, елдің экономикасына, қаржы саласының дамуына қосар үлесі зор. Спорт, көркем әдебиет пен қоғамдық жұмыстарға белсенді араласатынын бай­қатты. Талантты жастың тұғыр төрінен қалай орын алғанын білуге асықтық.
– Негізінен «Елбасы медалі» жобасы жеті бағыттан тұрады, ұлттық мұра, спорт және денешынықтыру, кітап оқу, дарындар мен дағдылар, волонтерлік, еңбек тәжірибе және туристік саяхат. Мен бес бағыт бойынша тапсырдым, карантиндік режимге байланысты соңғы екі тапсырманы орындай алмадым. Дегенмен еңбегім еленіп, қола деңгейді бағындырдым. Бұл секілді байқау жас буынға стимул берді десек болады. Сондықтан маған қолдау білдірген жақындарыма, ұстаздарыма, сондай-ақ жетекшілік еткен Перне Даурен Ықтияр­ұлына алғысымды айтамын.
– Бес бағыт бойынша саралап берсең.
– Ұлттық мұра бағытында қазақ әдебиетінің алтын қоры нұсқасы бойын­ша Мұхтар Әуезовтің «Қорған­сыздың күні» кітабын толық оқып, түсінгенімді онлайн арқылы жеткіздім. Екінші, спорт және денешынықтыру сатысы, мен бағыт бойынша спорттың жеңіл атлетика, оның ішінде қа­шықтыққа жүгіруді қолға алдым. Мұн­дағы мақсатым 10 шақырымға жүгіру болды, үш ай бойы дайындалып, оны да еңсердім. Келесі бағыт – кітап оқу, бұл бағытта Жүсіпбек Аймауытовтың «Қартқожа» шығармасын, әлем әде­биетінен «Дон Кихот» романы мен Мұхитбек Исаұлының «Тұлға боламын десеңіз» кітабын оып тауысып, мазмұнын ашып бердім. Дарындар мен дағдылар сатысында фотография саласын таңдап, ұялы телефон арқылы түрлі суреттер түсіріп жібердім. Оның ішінде туған өлке табиғатына басымдық бердім. Ал еріктілік, яғни волонтер бағыты аясында адамдарға көмек көрсету, қоршаған ортаны қорғау, оқыту, жергілікті қауымдастық бойынша өзіме берілген міндетімді орындап шықтым.
Міне, Еркебұлан Тұңғыш Президент медалін осылай иеленді. Шынында, оның бос уақыты жоқ, қолы қалт етсе кітап оқиды, спортпен айналысады. Туған өлкенің табиғатымен танысып, көне шаһарларды аралағанды жаны жақ­сы көреді. Үйдің жалғызы болғаннан соң еркелігі де бар. Анасы Теңгеайым Нәлібаевадан ұлы туралы сұрағанда осындай ерекше қасиеттерін дәріптей кетті.
– Қазіргі оқушылардың барлығының білім деңгейі жоғары. Өзім жетекшілік ететін 11 сынып оқушыларынан осы биіктікті көремін. Оның дәлелі, екі оқушым да Елбасының ерекше марапатына ие болды. Еркебұлан өте кішіпейіл жігіт, жас болса да алдыға қойған мақсаты айқын. Осы бетінен таймаса біз одан елдің азаматы болар тұлға шығатына сенімдіміз, – дейді сынып жетекшісі Алмас Оспанов.
ХХІ ғасыр білім ғылымның, озық техниканың алтын дәуірі. Осы бағытта дамыған елдер ғана бәсекеге қабылетті бола алады. Ол үшін осындай талантты жастардың дарынын шыңдап, білімін жетілдіре түсу міндеті тұр. Сонда ғана өркендеудің өрелі көшіне ілесеміз.

Әлібек ЖАРЫҚБАЕВ
03 қаңтар 2021 ж. 1 167 0