№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Қызылорда облысының ауыл оқушылары еліміздің жетекші мектептеріндегі орындарға таласады

Қызылорда облысының ауыл оқушылары еліміздің жетекші мектептеріндегі орындарға таласады

Ауыл мектептерінің оқушылары арасында өтетін «Мың бала» Ұлттық Олимпиадасына қатысуға өтінімдер қабылдау басталды. Тіркеу 24 ақпанда басталып, 24 наурызға дейін жалғасады. Олимпиада жеңімпаздары дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептер мен Елбасы Академиясының Вirge oqý онлайн-мектебінде оқуға мүмкіндік алады. Қатысуға Қазақстанның ауылдық мектептерінде соңғы екі оқу жылында білім алып жатқан 5 және 6-сынып оқушылары шақырылады.
Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылы Қызылорда облысының 75 оқушысы еліміздің жетекші мектептерінде білім алуға мүмкіндік алды. Тағы 238 оқушы Елбасы Академиясының Вirge oqý онлайн мектебінде оқиды.
«Түрлі олимпиадаларды өткізу тәжірибесі ауыл балаларының аз қатысатынын көрсетеді. Статистика бойынша облыстық және республикалық олимпиадаларға ауылдық мектеп оқушыларының 13-14%-ы қатысады, бұл олардың дайындық деңгейіне және олимпиада өткізілетін орындардан алшақтығына байланысты. Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ауыл оқушыларын ғана қамтитын «Мың бала» ұлттық олимпиадасын өткізеді», – деп хабарлады «Елбасы Академиясы» Корпоративтік Қорының басқарушы директоры Ануар Жанғозин.
«Мың бала» олимпиадасы екі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең логикалық және кеңістіктік ойлауды бағалауды қамтиды. Тестілеу онлайн форматта өтеді. Өңірлер бойынша ең жоғары қорытынды балл жинаған бес мың оқушы олимпиаданың екінші кезеңіне жолдама алады.
Екінші кезеңде қатысушылар математикалық сауаттылық, қазақ тілінде білім алатын оқушылар қазақ тілі, орыс тілінде білім алатын оқушылар орыс тілі, ағылшын тілі және жаратылыстану пәндері бойынша академиялық білімді бағалау үшін компьютерлік тестілеуден өтеді. Екінші кезең өңірлік тестілеу орталықтары базасында ұйымдастырылады.
Олимпиадаға тіркелуді 1000bala.elbasyacademy.kz сайтында жүргізуге болады.
Олимпиада жеңімпаздары еліміздің дарынды балаларға арналған жетекші мектептерінде: «Білім-Инновация» лицейлерінде, Республикалық физика-математика мектептерінде және «Дарын» мамандандырылған мектептерінде оқуға мүмкіндік алады. Олимпиаданың бес мың финалисі Елбасы Академиясының «Вirge oqý» онлайн-мектебінде тегін оқи алады.
2020 жылы «Мың бала» олимпиадасына 295 мың оқушы қатысты. Олимпиада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының  Еl Úmiti - талантты жастарды анықтау және қолдау бастамасы аясында өткізіледі. Олимпиаданы Елбасы Академиясы ҚР Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп ұйымдастырады.
25 ақпан 2021 ж. 506 0