№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Қалдырған ізің Мәңгілік

Қалдырған ізің Мәңгілік


Саналы ғұмырының 40 жылын елді ағарту саласына арнаған ардагер басшы Ұлбазар Жұмаділлаева апайымыз ұстаздықты ұлы іс санаған кейіпкеріміз мұғалімдікке бала жасынан қызыққан екен. Білім саласында аянбай еңбек етіп, бүгінде бейнеттің зейнетін көріп отырған ақ жаулықты ана. Ұлбазар апайдың шеберлігі мен сауаттылығын шәкірттері мен әріптестері әлі күнге әңгімеге арқау етіп, әдемі естеліктерімен бөлісіп отырады. Апайды бір көргеннен-ақ жылы жүзді, рухы бай адам екенін аңғардық. Сөзі тартымды, ойы жүйелі ағартушы өзіне баурап барады. Бойыңа қуат, жүрегіңе жарық, жігер беріп, өрге сүйрейтін де, жақсылыққа азық, өміріңе қазық боп төрге сүйрейтін де осы ұстаздық қасиет.
Шәкірт санасына білім нәрін сеуіп, ел болашағының өрендерін тәрбиелеп шығару екінің бірінің қолынан келе бермейді. Отан отбасынан басталады десек, әйелдің қоғамдағы рөлі де ерекше. Өйткені отбасының құты болған әйел Отанға адал қызмет етеді. Біздің бүгінгі кейіпкерімізде қарапайым отбасында дүниеге келіп, саналы ғұмырын білім саласына арнаған аяулы ұстаз, ардақты ана, ұлағатты әже.
1970 жылы Жаңарық орта мектебін бітіріп, аудандық комсомол комитетінің жолдамасымен №163 орта мектебіне аға пионер вожатый болып орналасады. Алғашқы еңбек жолындағы үлкен ұстазы Сәдірбай Сапарбаевты үнемі мақтанышпен еске алып отырады. 1972 жылы педагогикалық институтқа түсіп, 1976 жылы бітіреді. Сол жылы өзі бітірген мектебіне мұғалім болып орналасады. Алғашқы еңбек жолында ұстазы Тұйғын Егембердиева апайы ұстаздықпен қоса мектептің кәсіподақ ұйымының жетекшілігін аманат етіп тапсырады. Толассыз еңбегінің жемісі болар, 1986 жылы мектеп директоры болып тағайындалады. 1989 жылы қызмет бабымен  №166 мектепке ауысып, 1995 жылы аудандық партия комитетінің ұсынысымен Жаңарық мектебіне қайта ауысады. 2004 жылға дейін педагог-психолог болып жұмыс жасап, 2004-2011 жылдар аралығында  мектеп директоры болып жұмысын жалғастырады.
– Бақыттың кілті – білімде. Көзі ашық, көкірегі ояу жан өмірде өз жолын жаңылмай табады. Білім саласында еңбек ету де ең қастерлі қызмет. Мен секілді ардагер ұстаздар елдің рухани дамуына өлшеусіз үлес қосты деп санаймын. Елдің зиялы, қауқарлы, рухани дамуы бүгінгі ұстаздар қауымына артылған сенім, – деді ардагер
P.S. «Жақсымен өткізген жарты сағат, жаманның жүріп өткен ғұмы­рындай» демекші, ауылдың алғысына бөленіп отырған ардагер ұстазбен әңгімелесіп отырып, уақыттың қалай өткенін аңғармай да қалыппыз. Самайына ақ кіргенше ұстаздық етуден жалықпаған абыройлы ұстазға көкірегіңізді қайғы-мұң шалмай ұза­ғынан өмір сүріңіз деген ақжарма тілегімізді білдіріп, қош айтыстық.          
Айдана Асанова
07 наурыз 2021 ж. 1 108 0