Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Тұрап ақсақалдың тағылымы

Тұрап ақсақалдың тағылымы

1930-1933 жылдары Голощекиннің қолдан ұйымдастырған ашаршылық кезінде қазақ халқы орасан зор шығынға ұшырады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында осы турасында тоқталды. Ашық кезінде шамасы келгендер шекара асып, жан сауғалады. Осындай қиын-қыстау жылдары Тұрап ақсақалдың бүтіндей бір ауылды аман алып қалғаны туралы бүгінгі ұрпақ біле бермейді. Өзінің даналығымен, білгірлігімен 30 отбасыдан құралған аядай ауылды аман алып қалуға себепші болды. Жастайынан қажырлы еңбегімен, алғырлығымен көзге түсіп, елі үшін аянбай еңбек еткен еңбек ері жайында халық арасында айтылмаған ақиқат бар.

Тұрап ақсақал 1856 жылы Жаңақорғандағы бүгінгі «Ызғар» деген жерге жақын «Аққұм» аталған аймақта дүниеге келеді. 1949 жылы кіндік тамған мекенде өмірден озады. Ғасырға жуық өмір сүрген ақсақалдың балалық шағынан бұрын ағалық ақыл айтатын жасқа келген тұсы нағыз өмір мен өлімнің ортасына тап келеді.
Орысша оқып, хат таныған ақсақал қиын заманның боларын алдын-ала болжап, ерте қамданады. Сырдарияның байлығы, елдің негізгі күнкөрісі балық шаруасын меңгерген ол бір жыл шамасында үйдің кепелеріне балықты кептіріп, сүйегін диірменнен тартып, ұнға айналдыра бастайды. Осылай астық қорын жинауға кіріседі. Алғашында көпшілік жұрт бұның сырын түсінбей, «тоқшылықта бұнысы несі», дегендей сыңай танытқанмен, ақсақалдың ойына кедергі жасағылары келмеді. Осылай зырғып уақыт өте берді. Күндердің күнінде қазақты қынадай қырған аштық ауыл тынысын тарылтып, тіске басар тағамға зар болатын уақыт келеді.
Күн сайын мал-мүліктері тоналып, өздері жер ауып, айдалған халыққа түйір нанның өзі қымбат қазынаға, баға жетпес байлыққа айналады. Азық таба алмағандары аштан қырыла бастайды. Осы кезде жертөлеге жасырылған балық еттері мен сүйектерінің өнімдері аш қалған ауылдағы ағайынға азық болады. Осы бір азын-аулақ тамақ аядай ауылды жұттан аман алып қалуда септігі тиеді. Ел қайта еңсе көтере бастаған тұста ауылдарын егіншілікке баулып, қаз-үйрек асырауға бейімдеп, елге келелі іс қалдырады.
Алғаш теміржол құрылыстары Төменарық пен Талап бекеттері аралығында басталғанда көрші орыс мамандарына өңірдің ерекшеліктерін, Сырдария өзені ағысын ескере отырып, темір жолдың салыну бағытын, түсетін көпірлердің орнын белгілеуде өзгерістер енгіздіріп, жер бедерінің ерекшеліктерін түсіндіреді. Орыстың құрылыс мамандары ақсақалдың кеңесіне құлақ асады әрі қызметтер ұсынған.
Сол кездері Ордакент аумағында алғаш рет құдық қаздырып, «шығырмен» су шығарып, көкөніс, бақша, картоп егумен айналысса, Өзгент жерінде дария суымен бидай дақылын егіп, шаруаны егіншілікке баулыған. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Ордакентте егіс шаруасына дем беріп, орыс, татар, өзбек көпестерімен саудаға да араласқан. Мұның барлығы елдің қамы, ауылдастың тілеуі болатын.
«Ер мерейін, ел көтерер!» заманда тарих болып қалған Тұрап ақсақалдың еңбегін ұмытпаған жөн болар. Өйткені елдің ертеңін тарих таразылап, түпақазығын түсіндіреді. Өткенін қадір тұтып, тарихын білген ұлттың келешегі кемел, болашағы баянды болады.
Біздің рухани жаңғыруымыздың түпқазығы осыны көрсетеді.
Жасұлан ТҰРАПОВ
24 қаңтар 2021 ж. 783 0