№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Барды бағалай білейік!

Барды бағалай білейік!


Абыз Әбіш Кекілбаевтан «Бағалай білмегенге бақ қонбайды, Қуана білмегенге құт қонбайды» деген тағылым қалды. Терең сөз. Мұның мәнін түсінген ұлт – бақытты ұлт. Мұны неге айтып отырмын? Кейде жақсы-жайсандарымызды уақытында бағалай алмай, артынан іздеп, жоқтап жататынымыз рас. Тіпті бұл біздің қанымызға сіңген қасиет сынды көрінеді.


...2015-2016 жылы Жаңақорған ауда­нының әкімі, 2016-2019 жылы Қызылорда облысы әкімінің орын­басары, 2019-2020 жылы Сырдария ауданының әкімі болған Руслан Рүстемовті халық өнер, мәдениет саласының шынайы жанашыры ретін­де қабылдайды һәм құрметтейді. Халықтың осындай құрмет-қоше­меті­нен артық ешнәрсе жоқ болар, сірә! 2020 жылы Жаңақорған ауданының тізгінін қайта ұстаған Руслан Рүстемұлын халық ыстық ықыласпен қабылдады. Бүгінде бастаған баста­маларын қолдап, жү­зеге асуына мүд­делілік танытуда. Осы ретте, мәдениет жанарышы болғандықтан бірқатар ұсыныс-тілегімізді ортаға салғанның әбестігі жоқ болар...
Жаңақорған ауданының тарихында Әбілқайыр Сыздықовтың өзіндік ізі бар. Кейде ақын адамдар турашылдығы үшін бағаланбай жататыны шындық.
Әрине ақынға қызметтен бұрын шабытына шабыт қосатын қол­дау­лар керек-ақ. Яғни рухани қол­дау жағына басымдық берілгенін құптаймыз. Мәселен, Сырдария ау­данының айтыскер ақыны Замад­дин Ибадуллаевтың өзі туып-өскен ауданның «Құрметті азаматы» атан­ғанын қуанып, жақсы қабыл­дадық. Әрі мұны мемлекеттік мүдде жолындағы дұрыс шешім деп қабылдап, Руслан Рүстемұлының азаматтық қолдауына сүйсіндік. Біздің Әбекеңде де осындай марапатқа әбден лайықты-ақ!
1992-2013 жылдары Әбекең мәдениет саласында түрлі қызметтер атқарып, аудан мәдениетінің дамуы­на үлес қосты. «Халық ақыны» Манап Көкеновтің дәстүрлі ақындар мектебін жалғастырып, «Жүрсіннің жүйріктерінің» қатарында аламан айтысқа түсіп, дарынды ақын ретінде елге танылды.
Журналист ретінде ақын шығар­машылығын зерттеп те жүрмін. Оның әрбір өлеңінің тәлімдік тағылымын талдасақ үлкен мақалаға арқау болатыны да анық. Ақынның «Мен қазақпын», «Тәуелсіздік толғауы», «Туған өлке», «Рухани жаңғыру жолымен», «Қорқыт кешені басындағы кездесу», «Тәуелсіздік тартуы», «Қызылорда» және т.б мұралары ұр­пақ­қа рухани азық, жастарға өнеге болары сөзсіз.
Өнер адамын тірісінде бағалай білу – адами құндылықтардың ең үлкені деп түсінеміз және ол біздің азаматтық парызымыз. Сондықтан Әбілқайыр Сыздықовқа Жаңақорған ауданының «Құрметті азаматы» ата­ғын берудің идеологиялық мәні терең іс екені анық.
Моңғолияның Баян-Өлгей аймағы, Түркістан қаласының «Құрметті аза­маты» атанған Жолтай Әлмашқа аудан­ның «Құрметті азаматын» беру орынды деп білеміз. Өзге өңірлер жазушының потенциялын мойын­дайды, халық рухани сусындар туын­дылардың авторы ретінде жоғары бағаланады. Әсіресе тұлғатану бағытындағы ізденісі – Сұлтанбек Қожанов, Нәзір Төреқұлов жайлы жазған романы өшпес рухани қазына екені анық. Яғни Жолтай аға ұлтқа ортақ тұлға. Жолтай аға арқылы Жаңақорғанды дәріптеуге болады. Бізде мұндай тұлғалар көп. Солардың елге сіңірген еңбегін саралап, ескер­сек қайтеді?!
Лондон Олимпиадасына қатысып, үздік бестікпен түйіндеген, Азияның үш дүркін чемпионы Дәулет Ниязбеков пен оның жаттықтырушысы, еркін күрестен Қызылорда облысының аға бапкері Әбутәліп Аманов та осы атаққа әбден лайықты. Айт­қандай, Дәулет Шораұлы Токио Олимпиадасына жолдама алып, аудан тарихында төртжылдықтың басты додасына екі рет қатысатын жалғыз спортшы болғалы тұр. Дәулетті ру­хани қолдасақ, кім біледі, Токиода алаштың атын шығаратын шығар...
Бұл қатарда елдік мұрат тура­сында туындысын жазып, ағар­тушылық қызмет жасап жүрген жер­лес қаламгер мен ғалымдарды да ескерусіз қалдырмаған дұрыс болар деген ой бар.
Айтқым келгені, жақсыларымыз бен жайсаңдарымызды көзі тірісінде бағалай білейік. Себебі, барды бағалай білу де – бір бақыт!

Нұрлат БАЙГЕНЖЕ
03 қараша 2020 ж. 658 0