№19 (8833) 15

15 наурыз 2025 ж.

№18 (8832) 8

08 наурыз 2025 ж.

№17 (8831) 4

04 наурыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » Бөлімге жаңа басшы келді

Бөлімге жаңа басшы келді


Аудан әкімінің 2020 жылғы 7 ақпандағы өкі­мімен Жаңақорған ауда­нының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағ­дар­ламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы қызметіне Жарас­хан Мырзалиев тағайындалды.
Жаңа басшыны ұжым­ға таныстырған аудан әкімінің орын­басары Ғалымжан Сопбеков Жарасхан Наурызханұлына сәттілік тілеп, әлеуметтік саланың әлеуетін арттыруға табыс тіледі.
Айта кетейік, Жарас­хан Мырзалиев Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің түлегі. Бух­галтерлік есеп және аудит мамандығын тәмам­даған. Еңбек жолын 2005-2006 жылы «КазПром Кызылорда» ЖШС-де бухгалтер-кассир болып бастаған. 2006-2008 жылы Шалқия кентіндегі «Шалқия Цинк ЛТД» ЖШС-де бас есепші, 2010-2015 жылы аудандық ветеринария бөлі­­мінде бас есепші, 21.05.2015-09.12.2015 жылы арнайы тексеруден өткенге дейін аудандық ветеринария және ветеринариялық бақылау бөлімі басшысының орынбасары, 2015-2019 жылы аудандық ветеринария бөлімі басшысының орынбасары, 2019 жылдан бүгінге дейін Жаңақорған кенті әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Жасұлан СЕЙДЕМЕТОВ
11 ақпан 2020 ж. 2 448 0