№82 (8382) 24

24 қазан 2020 ж.

№81 (8381) 20

20 қазан 2020 ж.

№80 (8380) 17

17 қазан 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ


Облыс әкімінің өкімімен және Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі мен Жаңақорған аудандық мәслихатының келісімдері бойынша Жаңақорған ауданының әкімі лауазымына Мақашов Сұлтан Ысқақұлы тағайындалды.
Сұлтан Ысқақұлы Мақашов 1961 жылы туған. Қазақ химия-технологиялық институтын және Қызылорда экономика, экология және құқық университетін бітірген.
Еңбек жолын 1978 жылы Қазалы ауданы Жаңақазалы коммуналдық кәсіпорындар комбинатында слесарь ретінде бастаған.
1984-1992 жылдары – Қазалы аудандық №86 жылжымалы механикаландырылған колоннада бригадир, шебер, аға прораб.
1992-1995 жылдары – №2 азаматтық құрылыс мекемесінде бас инженер, №86 жылжымалы механикаландырылған колоннаның жоспарлау бөлімінің бастығы.
1995-2015 жылдары – Қазалы ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы, Қазалы ауданының бас сәулетшісі, Қызылорда облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы Қазалы филиалының директоры, Қазалы ауданы әкімінің орынбасары.
2015 жылдың маусым айынан бастап осы кезге дейін Қармақшы ауданының әкімі лауазымында қызмет атқарып келді.
28 тамыз 2019 ж. 1 049 0