№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЖАҢАҚОРҒАН СУМЕН ҚАШАН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ?

ЖАҢАҚОРҒАН СУМЕН ҚАШАН ТОЛЫҚ ҚАМТЫЛАДЫ?

Тұщы су әлемдегі стратегиялық басымдылыққа айналмақ. Себебі, 2025 жылы тұщы су тапшылығы 1,3-2,0 триллион текше метрге жетеді дейді халықаралық сарапшылар. Бұл дегеніңіз, 2030 жылы жер жүзіндегі тұрғындардың 47 пайызы судың жетіспеушілігінен зардап шегеді. Мемлекет басшысы осындай қауіп-қатердің алдын алу және қолдағы ресурстарды тиімді пайдалану мақсатында «Ақ бұлақ» бағдарламасын қабылдады:
«2020 жылы қалалардағы орталық сумен жабдықтауды пайдалану мүмкіндігі 100 пайызды құрауға тиісті. Ал ауылды мекендерде екі есе – 80 пайызға дейін өсуі керек», – деп бағдарлама аясында атқарар істі нақты көрсетіп берді. Бағдарлама аясында Жаңақоған ауданында «Талап - Сырдария» топтық су құбырын жүргізіп, шалғай елді-мекеніндегі халықты таза сумен қамтамасыз етуді жоспарлаған. Көптен бері құрылысы жүріп жатқан су станциясы қашан іске қосылады? Қандай елді-мекендер таза сумен қамтылады? «Талап – Сырдария» топтық су қорында судың қоры қанша жылға жетеді? Алдағы уақытта қандай жұмыстар жасалады? Осы сауалдарға жауап іздеп көрдік.
«Су – тіршілік көзі». «Су жүрген жерде береке бар».  «Су бар жерде береке тасиды». Осындай тәмсілден-ақ, қазақтың таным-түсінігінде  бір тамшы судың табиғат үшін үлкен байлық екенін аңғарасыз. Жасыратыны жоқ, шалғай ауылдардағы тұрғындар ауыз судың тапшылығын көріп келеді.  Нақты статистиканы сөйлетсек, елде 40 пайыз адам су тапшылығын көреді екен. Ауылдардың 60 пайызы тұзды суда орналасқандықтан, көбісі ауыз суын тасып ішеді. Тонналап су сақтап, бір айдан астам тұтынатын жандардың сапалы су ішетіні беймәлім. Қыста мұз ойып, жазда су сүзіп ішіп жүрген ауылдастардің бейнеті көп. Күнделікті өмірде суды қол жетімді ыдыспен тасып ішіп жүргендерді жиі көреміз. Көлігі барларға қиын емес-ау, қарапайым отбасыға әжептеуір бейнет емес пе?
– Ауылдың 90 пайызы тұзды суда орналасқан. Ал, 10 пайызының құдығында тұщы су бар. Сондықтан, қырдағы ағайындар ойдағы үйлерден су тасып ішеді. Күнде береудің құдығынан су алу да мүмкін емес. Сондықтан,  3 тонналық суды 1000 теңгеге сатып аламыз, – дейді Кеңес ауылдарының тұрғындары.
Эпидемиолог-ғалымдар пікірінше, үш күннен артық сақталған судың құрамы өзгеріп, адам өміріне қауіпті инфекциялар пайда болады екен. Демек, ауыл тұрғындарының денсаулығына алаңдағанымыз абзал.
Өздеріңіз білетіндей, «Ақбұлақ» бағдарламасы қабылданысымен, 2012-2013 жылдары ауданда «Талап - Сырдария» топтық су құбыры құрылысының жобалау жұмыстары басталды. Оған су тапшылығын көріп тұрған 28 елді мекендегі 38 000 тұрғынды таза сумен қамтамасыз ету жоспарланған. Бұл жөнінде «Қазсушар» РМК «Арал» СЖКБД  Қызылорда филиалының директоры  Имамадин Оңғарбаев айтты.
– Талап топтық су құбырының құрылыс жұмыстарына биыл 1500,0 млн. теңге қаржы бөлінді. Ауылға таза су тарту жұмысы толық аяқталатын болады, – деді.
Директордың мәліметінде, Талап топтық су құбыры бойынша 12 ауыл енген. Атап айтсақ, Шалқия, Құттықожа, Бірлік, Қыраш, Қосүйеңкі, Манап, Бесарық, Кеңес, Кейден, Талап, Аққұм және Бесарық станцияларына құбыр тарту жұмысы басталған. Осы жобаға 5 869,892 млн. теңге бөлініп, 2018 жылға дейін  1 999,498 млн. теңгесі игерілді. Алдағы атқарылатын жұмыстар үшін 2018-2019 жылдарға  3 870,394 млн. теңге қаржы қаралуда. Ал, биыл 1500,0 млн. теңге қаржы бөлінді. Осы қаржыға биыл Бірлік ауылына дейін тартылатын су құбырын жүргізбек. Бас тоғаннан Бірлікке дейін 10,95 шақырым аралықта құбыр тартып, су желісіне қоспақ. Осы жобамен Шалқия кентінде 1,5 шақырым құрайтын қыстақішілік су құбыры жаңа құбырмен ауыстырылмақ. Демек, жарамсыз құбырлардың орнын жаңа әрі шірімейтін сапалы құбырға ауыстырылады.
Биылғы жылғы жобада ең бастысы, осы жылы бас тоған ғимараты мен құрылымдарының, 3 Т су айдау-сорғы стансасының, Кеңес ауылына дейінгі тартылатын магистралды су құбыры желісін, Бесарық елді-мекеніне тартылатын су құбыры тармағын және Бесарық ауылының қыстақішілік су жүйесінің 31,31 шақырымын толық аяқтау межеленген. Сондай-ақ, Бесарық, Кейден, Бесарық, Талап бекетінде КЛ-0,4кв кабельдік электр желілерін жүргізу қаралған. Ал, Кеңес ауылындағы су ғимаратының алаңының құрылысын толық аяқтап,ауыл ішіндегі 21,77 шақырым су жүйесінің 0,895 шақырымын жүргізу жоспарланған.
Сырдария топтық су құбыры бойынша Сыр беткейдегі елді мекендер сумен қамтылады. Жобада 16 ауыл енген. Тарқатап айтсақ, Көктөбе, Қандөз, Қашқанкөл, Қалғансыр, Қаратөбе, Келінтөбе, Қожауыл, Аққорған, Қожакент,Өзгент, Ақсуат, М. Нәлібаев, Әбдіғаппар, Жаңаарық, Билібай және Байкенже ауылның тұрғындары ауыз су бейнетін көрмеуі тиіс. Құрылыс-монтаж жұмысы 2015 жылдан бері жүріп келе жатқан жобаға бүгінге дейін 4521,0 млн. теңге қаржы игеріліпті. Осы жобаға биыл 782,5 млн. теңге қаржы бөлінген. Нысан 2018 жылы қазан айында құрылыс жұмысы аяқталып, пайдалануға берілмек. Демек, таза суға қол жеткізуге аз уақыт қалды.
Жалпы, «Талап су бассейнен» тәулігіне 10584 текше метр су пайдаланса, судың қоры 30 жылдан асады екен. Су 530 мертден 8 ұңғыма арқылы алынады...
Мақпал ПАТЕНОВА.
19 тамыз 2018 ж. 1 437 0