№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Суландыру: аса маңызды жоба

Суландыру: аса маңызды жоба


Осыдан бес жыл бұрынғы оқиға есіме түсіп тұрғаны. Ол кезде Жаңақорған кентін газдандыру басталған-ды. Руслан Рүстемовтің іскерлігін, талапшылдығын сол кезде мойындадық. Қалай дейсіз бе, күнделікті таңертен газ құбырын жүргізіп жатқан мердігер компаниялардың қасынан табылып, талапқа сай жұмыс жүргізуді тапсырады. Сосын кешкісін қайта барып, атқарылған жұмыстың сапасын бақылады. Дүркін-дүркін жиналыс өткізіп, компания басшыларына сын-ескертпелер беріп, істің сапалы болуын міндеттеді. Күн ұзаққа созылған жұмыстар бүгінде өз нәтижесін берді де... Арада бес жыл өткенде аудан әкімі болып қайта келген Руслан Рүстемұлы кентті суландыруды сапалы жүргізуге күш салуда...


Таңғы сағат 8-де Жаңауылда ауыз суды үй-үйге кіргізу жұмысын көрді. Сервистік қызметке жауапты мамандарға істі сапалы жүргізуді тапсырды. Одан кейін сағат 10.00-де әкімдікке мердігер компанияның бас директоры Шынболат Ештаевты шақырып, жұмыстың жүйесін сұрады.
– Қазір қанша бригада жұмыс істеуде?
– Үш бригада.
– Аз. Бір жылдың жұмысын екі айда бітіру керек. Бригада санын кемі 20-ға жеткізіп, күніне 120 обонентке суды кіргізу міндеті тұр. Одан басқа жол жоқ. Бүгін білгенімдей, күніне 5-6 үйге ғана сервистік қызмет көрсетуде екен. Бұл қарқынмен үлгермейміз...
– Аптаның аяғына дейін үш бригада келеді. Келесі аптада тағы алты бригада қосылады. Жалпы бригада санын 15-ке жеткіземіз, – деп жауап қатты компания басшысы.
Жобаның маңызын түсіндірген аудан әкімі:
– Жаңақорған кентінің халқы 30 жылдан бері күтіп отырған аса маңызды жоба. Сондықтан біздің жіті бақылауымызда болады. Істі сапалы әрі уақытылы аяқтау керек... – деп нақты тапсырма берді.
Аудан басшысы Жаңақорған кентін ауыз сумен қамтамасыз ету аса жауапты жұмыс екенін сала басшыларына түсіндіріп, іске жауапкершілікпен қарау керектігін ескертті. Әсіресе, газ құбырлары мен интернет желісі қай көшеде, қай жерде тұрғанын көрсетіп, іске кедергі келтірмеуді тапсырды.
Айта кететіні, 2020 жылдың 24 сәуірінде мемлекеттік сатып алу конкурсы бойынша «ҚазҚұрылысСервис» ЖШС мердігер болып табылды. Мамыр айының басында үй-үйге су кіргізу ісі басталды. Бірақ мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысқан екінші компанияның сотқа арыздануына байланысты 3-маусымда тоқтады. Ал 8 қыркүйекте «ҚазҚұрылысСервис» ЖШС қайтадан жеңімпаз болып табылды. Енді мердігер компания жыл аяғына дейін Жаңақорған кентінің тұрғын үйлеріне су құбырын жеткізу сервистік желісін сапалы жүргізуі тиіс...

Нұрлат АЙТЖАН

03 қазан 2020 ж. 561 0