№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Жылы жүздесу


Аудан әкімі Руслан Рүстемовтің әдебиет сыншысы, публицист Бақыт Сарыбалаұлы мен жазушы-сатирик Нұрмахан Елтайды қабылдауы жылы жүздесуге ұласты.

Аудан басшысы алдымен атқа­рып жатқан бастамаларымен бөлісіп:
– Әкім болып келісімен ауыл-ауылды аралап, қандай әлеуметтік -тұрмыстық қажеттілік барын білдім. 26 ауылдық округ бойынша 80-нен аса өтініш-ұсыныс түсті. 1,5 айда соның 16 проценті шешімін тапты. Осының мән-жайын түсіндіру үшін тағы да төрт елді мекенге бет бұрып, тұрғындармен кездестім. Алдағы уақытта өзге ауылдарға барып, ұсыныстары қалай орындалып жатқаны, қандай деңгейде тұрғанын ортаға салып, алдағы жұмыстарды пысықтайтын боламын, – деді.
Қос қаламгер әкімнің атқарып жатқан істерін әлеуметтік желі және жергілікті газеттен оқып-біліп отырғанын жеткізді.
Одан кейінгі ортақ әңгіме – руханият, мәдениет саласы жайында өрбіді.
– Жақында «Ақынның амана­ты» атты жазбам фейсбукке шықты. Адырбек Сопбеков аға­мызбен рухани байланысымыз, сыйластығымыз және т.б арқау еттім. Алда жоспар көп. «Жаңа­қорған жауһарлары» атты ән-жыр мұраларының антологиясын шығаруды ойлап жүрмін. Соған Жаңақорған топырағынан түлеген өнер, мәдениет, әдебиет саласының белді, беделді өкілдерін қамтимыз.
Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіріп, ортақ бір мүддеге һәм ұлы мақсатқа жете­лейтін рухани күш – әдебиетте. Сондықтан руханият саласының өкілдерін қолдай береміз, – деді Руслан Рүстемұлы.


Әңгіме барысында жергілікті ақын Тұрар Сүлейменовтің «Жүрек­ке жетсе жыр-өлең» кітабының шығуына Руслан Рүстемовтің қол ұшын созғанын, Бақыт Сарба­лаұлының «Көккесене» кітабының шығуына Қырымбек Көшербаевтың қолдауы болғаны белгілі болды.
– Сыншы, публицист Құлбек Ергөбектің «Кітабы жоқ ақын» мақаласын оқып, Тұрекеңді тауып алып, жыр жинағы баспа көруіне атсалыстым. Әрине мұнымен мақ­тануға болмайды. Қайта сөз өнері қонған асылдарымызға жағдай жасай алмағанымыз үшін өкінуіміз керек... Тынымбай Нұрмағамбетов ағаның 70 жылдығын Жаңақорғанда атап өттік. Құдай қаласа, коро­навирусты жеңіп, алды-артымызға қарайтын кез келгенде Бақыт ағаны шығармашылық сапа­рымен күтетін боламыз, – деді әкім.
Сыншы Бақыт Сарыбалаұлы қоғам­ның әдебиетсіз өмір сүруге мүмкіндігі жоқ екенін, себебі, көркем әдебиет қоғамды жақсылыққа тәрбиелеп, жасампаздық жолға салатынын айтты. Ал әдебиетті да­мытуда жүйелілік керек екенін сөзге қосты.
Сатирик Нұрмахан Елтай ау­дан топырағынан нәр алған қалам­­герлерді ұлықтау маңызды екенін айтты. Мәселен, Әбіш Кекілбаев, Мұхтар Мағауин сынды жазушылармен сыйлас болған қандөздік Нұрмахан Оразбекұлын дәріптеуді ұсынды.
Кездесу соңы елің мықты болса, әдебиетіңді көрсет, әдебиетің мық­ты болса, алдыменен сыншыңды көрсет дегендей тәлімді сөзбен түйінделді.

27 қазан 2020 ж. 550 0