Соңғы жаңалықтар

Көк жөтел ауруы жайлы.

26 сәуір 2024 ж. 82

№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Ашықтық – басты құндылық

Ашықтық – басты құндылық


Аудан әкімінің Баспасөз хатшысы Нұрбол Бакиров алдағы уақытта атқарылатын іс-шараларымен хабардар етті.


– Аудан басшысы Сұлтан Мақашов ашықтық пен жариялықты негізге алып, еркін форматта халықпен кездесу өткізді. Бұл бағыттағы кездесулері жалғаса береді. Сондай кездесу 5 желтоқсанда сағат 11.00-де «Ордакент» ардагерлер және жастар ресурстық орталығында өтеді. Онда аудан тұрғындарының қатысуымен медициналық қызмет көрсетудің сапасы жайлы талқыламақ. Кездесуге аудандық аурухана бас дәрігері қатысады. Тұрғындар медицина саласына байланысты толғандырып жүрген сауалдарын қойып, жауабын алуға болады, – деді баспасөз хатшысы.
Ем алу сапасын жақсарту, науқастарды қабылдау т.б ұсыныс-тілектері болса алдын ала 87011717182 watsapp желісіне жолдауға болады.
Маманнан алдағы уақытта балабақшадағы тәрбие процесі мен тәрбиешілердің біліктілігі жайында да арнайы кездесу болатынын білдік.
– Әкім әлеуметтік желіге тіркелген. Сұрақ жолдап, толғандырған мәселелерін айтатындар бар. Жақында әлеуметтік желі пайдаланушы Ziko Carif есімді азамат және МАИ бекеті аумағынан №110, 163 және 125 мектебіне балалар тасымалына бір ғана автобус бөлінгенін, бұл оқушыларға ыңғайсыз екенін жазды. Әкім аудандық білім бөлімінің басшысына әр мектепке жеке-жеке қатынайтын автобус шығаруды тапсырды. Сол секілді медицина саласына байланысты сауалдарыңыз болса әкімнің әлеуметтік желісіне сауал қоюға болады, – деді Нұрбол Бакиров.
05 желтоқсан 2019 ж. 894 0