№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

САДЫҚҰЛЫ ӘБІЛҚОЖА

Тарихта «Хорасан Ата» деген атпен қалған Әбдіжалил бабтың ұрпағы Садықұлы Әбілқожа 1907 жылы туылған. Жасынан ілім-білімге ден қойып, ескіше өте сауатты кісі болған. 1957 жылдан 1994 жылға дейін қырық жылдай Хорасан бабаның басын күзетіп, шырақшылық қызмет атқарды. Бүкіл саналы ғұмырын исламның жолына арнап, адамдардың көкірегіне имандылықтың сәулесін жағуға ұмтылады.
Ол кісі 1995 жылы 25-мамырда дүние салған.
Біз, ұрпақтары, атамызды әрқашанда жүрегіміздің төрінде сақтаймыз.
Жыршы едің күмбірлетіп күй төккен,
Ақын едің халқын жырмен тербеткен.
Имам болдың жөн сұраған пендеге,
Құдай жолын шын ниетпен көрсеткен.
Білем ата, қиын еді әр жолың,
Қиып өттің тайғақ кешу, тар жолын.
Шырақ етіп жандыру деп түсіндің,
Мұсылманға парыз болған хақ жолын.
40 жылдай шамын жағып, дұға оқып,
Адал болдың Хорасандай бабаңа,
Ерінбестен білім теріп, сарыла,
Қалдырдың ғой ұрпағыңа сан мұра.
Хақтың жолын ұстау болып арманы,
Бар өмірін, бар зейінін арнады.
Хорасанға барып құран оқуға,
Жаяу асты атшаптырым жолдарды.
Ұмытылмай кемел бейнең жан ата,
Ұрпағыңның жүрегінде тұр анық.
Жұмақ сені күліп күтер деп қана,
Бір Алладан тілек тілеп, жұбандық.
Реметовтер әулеті.
29-маусым, 2017 жыл.
08 сәуір 2018 ж. 1 087 0