Соңғы жаңалықтар

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Ұлт мұраты – ұстаздан

Ұлт мұраты – ұстаздан

Мемлекетшіл тұлғаны тәрбиелейтін – мектеп. Партаға жаңа отырған шәкіртіне әріп танытудан бастап айнала әлемге көзін ашатын, тал бойына айнымас адамгершілік қағидаларын егіп, тұлға етіп қалыптастыратын мықты мұғалім – мемлекет тірегі.
Сапалы білім – сандық технологиядан бұрын сана құдыретіне тәуелді. Тәңірсанабермегенгетөбесіненалтынқұйыпбақсаңдаеңбегіңақталмайды. Алсолсанағасәулетүсіретін, жаскеудедебұлқынғанжүреккеізгіліктіңдәнінегіп, егесіназаматтыққа, асқақтыққа, елжандылыққатәрбиелейтінкім? Ұстаз.

Оған мысалды алыстан іздемей-ақ өз өңірімізден шыққан қоғам және мемлекет қайраткерлері  – Сұлтан Сартаев, Әбдуәли Баешов, Амангелді Ержанов, Мұхтар Әлиев, Исатай Әбдікәрімов, Ғафур Мұхамеджанов, Сейілбек Шаухаманов, Бердібек Сапарбаев, Бірлесбек Алияров, тағы басқа қазақ үшін орны бар тұлғалардың есімдерін атауға болалы.
Ғалым да, жазушы да, әкім де, ақын да алдымен ұстаз алдын көреді, тәлім-тағлымын бойына егеді.
Қарапайым қазақ ауылындағы қоржын тамда білімге ынтыға бас қойған қарадомалақтың көзін ашу бір басқа, құйтақандай жүректерге алатау арманды орнықтырып, ел  басқарған тұлға тәрбиелей білген ұстаз құдыретіне бас июге болар.
Ұштығы жоқ дүниеде беталысыңды айқындап, адастырмас арнаға салатын  туған ұлтымды ұшпаққа шығарамын деген ұлы тілек қана. Сол жолда әркім қара тақтада таңбаланып, миына шегеленіп қонған білімнің қазынасын қазық етпек. Ауыл мектебінде білім алып, астананың төріндегі жоғары оқу орны аудиториясында  профессормен тайталасып, өзінің шешімін дәлелдеп шыққан  жүйрік сауаттылықтың түп-төркінін  осыдан табуға болады.
Қазірде Қазақстанның түкпір-түкпірінде еңбек етіп жүрген Құдияровтың, Жаманқұловтың, Қансейітовтың, Ержігітовтың, Қошқаровтың, Үпеновтің, Ибрагимовтың, Тұртановтың, Шермағамбетовтың, Илиясованың, Төрениязованың, Әбибуллаевтың шәкірттерінің мерейі үстем, мәртебесі биік болып жүрсе ол туған топырақта тиянақты білім тұғырына  табан тіреп, төрт құбыласы сай тұлға болып қалыптаса білуінде десек қателеспейміз. Олардың әрбірі осы ұстаздарына әрқашан қарыздар.
Мектеп қабырғасынан шықпай жатып мемлекетшіл тұлға болып қалыптасудың астарында  асқақ намысқойлық қасиет жатыр. Үкіметқамқорлығы аясында тегін біліммен қаруланып шыққан ұлан берген сертіне адалдықтан танбай, жас санаға сіңген жасампаз тәрбиенің жемісін бүкіл өміріне азық етіп алдыңғы саптан танылуға тырысады екен. Сол үлгінің шет жағасына өзіміз де куәміз, сабақты кілең беске оқитын баланың партасына елден ерек аппақ мата жауып, үстіне Володья Ульяновтың портретін қойып қоятын ынталандыру дәстүрі болатын. Ол кездегі сенім көзімен қарағандағы  көсемге деген сүйіспеншілік бүкіл елге, жерге, Отанға деген риясыз құрметті туындатып қана қоймай бар ділімізбен оны ақтауға тырыстық.
Осындай марапаттау тәсілі арқылы да бала жанын керемет ізгілікке тәрбиелеп, рухани қуат дарытуға болады.
Жоғарыдағы ұлық ұстаздарымыздың бірі – ана тілі – қазақ тілінің маржан-мәйегін көкірегімізге өшпестей орнықтырып, тыныс белгілерін үтір мен нүктеге дейін санамызға шегелеп кеткен, ұстаздық қызметіне шынайы берілген тұлға – Нысанбайұлы Смайыл ағай туралы айрықша айтып, айрықша толғануымыздың жөні бар. Әрбір сөздің жазылу, айтылу емлесін естен шықпайтындай етіп санамызға егіп кеткен еңбегі бізді, шәкірттерін осы күнге дейін ұятқа қалдырмай, дүние мен байлықтың, атақ пен маңсаптың бәсекесінде басып оздырмаса да, қайран қара сөздің аламанында алдыға шығарып тұр.
Албұладамғакөпартықшылыққой. Айтарсөзінанықтаңбалайалмаудыңөзіруханикемтарлықтыңкөрінісі.
Сауатты жаза білмейтіннің өресі тар, ақыл-ойға сараң, сөзі жалаң. Олай болса, ұрпағымыздың адами болмысын биік қалыптастырамыз десек алдымен қатесіз оқып, қатесіз жаза білуге баулуымыз керек-ау. Бізге осындай деңгейде тыңғылықты білім берген Смайл ағайға, шәкірттері сол үшін де шексіз қарыздармыз деуім содан. Смайыл ағайдың шәкірттері. Олар кімдер? Төменарық совхозына қарасты “Коммунизм” бөлімшесіндегі (қазір Қожамберді ауылы) №162 сегізжылдық мектебінде оқып, ұшып шыққан ұл-қыздардың барлығы 5, 6 кластарда қазақ тілі, әдебиетінен сабақ берген Нысанбаев Смайыл ағайды көңілінің түкпірінде сақтап жүргені анық.
Қазақ тілінің орфографиясы мен орфоэпиясының заңдылықтарының жі­лігін шағып, саналарға ұмытылмастай құйып берген ұстазымыздың сыр-сипаты әлі де көңілімізде сайрап тұр. Ол кісі өте талапшыл болатын. Жаңа тақырыпты жадымызға тоқып, толық меңгермейінше жаны жай таппай, жат­татудан жалықпады. Ағайдың екінші қыры, қимылы жылдам кісі еді. Асықпай жүрген кезін көрмедік. Үнемі жүгіре басып мектепке келе жатады, жүгіре басып, Жаңақорған мен ауылдың арасына қатынайтын автобусқа мініп бара жатады, кешкісін автобустан түсіп келе жатады. Мұғалімдіктен басқа жауапты жұмысы көп. Өмір бойы сол мектептің оқу ісі жөніндегі меңгерушісі болып қызмет атқарды. Табельді де өзі толтырады, мұғалімдерге жалақыны да өзі таратады. Ұқыпты жан осы жұмыстың барлығын тастай етіп тындырып, әрбір педагогтан, тіпті оқушыдан да осындай тиянақтылықты талап ететін.
Ана тілдің қасиетін бойына терең сіңіріп, таным-талғамын өміріне тірек етіп келе жатқан тұлғалар туған тілдің шын жанашыры да бола біледі екен. Қазірде Смайл ағайдың тәлімін алған шәкірттерінің денін лингвистиканың айналасынан табасыз. Сәби күнінен зердесінде тұтанған ұшқынды жалынға айналдырып, тіл тазалығы үшін жан-тәнімен қызмет етіп келе жатқан олардың атын атап, түсін түстеп те бере аламыз. Арғыға тереңдемей, беріректегі шәкірттерінен бастайықшы. Сыншы, әдебиет зерттеушісі Бақыт Сарбалаев ағамыз "Қызыл алмадан" бастап мүйізі қарағайдай қаншама қаламгердің бет-жүзіне қарамай сөз киесіне қиянат жасағанды сын жебесімен қиып түсіп, қызыл тілдің қадірін көз қарашығындай қорғаумен келеді. Жақсыбай Сарбалаев ағамыз, ол да Смайл ағайдың шәкірті, филология ғылымдарының докторы атанған, Бақытжан Сатершинов ғылым докторы, саясаттанушы, Рахима Кәрім­баева қазірде халықаралық бизнес университетінің аға ғылыми қыз­меткері, филология факультетінің түлегі, Әбсаттар Құдияров ҚазПИ-дің филология факультетін бітірген, қазірде осы оқу орнының аға ғылыми қызметкері, ғылым кандидаты Қалдықыз Жоланова, ол да филология факультетін бітірген.. Нысанбаевтың оқытқан шәкірттерінің ең жаман дегені осы жолдардың авторы – қалам ұстаған пірадарыңыздың да сөз өнерінен қаражаяу қалмағанын ескерер болсаңыз, онда Смайл ағайды қалайша еңбегі жанған ұстаз деп бағаламасқа?! Ұстаз үшін еңбегінің жанғанынан асқан бақыт бар ма? Оқытқан түлектері келешек ел кәдесіне жарап, ұстаз еңбегін ақтап жатса оның омырауына жарқыратып тағып жүрер ордені, медалы да сол екен. Смайл ағайдың өзі бізге солай деп айтатын тұғын...
06 қазан 2020 ж. 413 0