№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Алғашқы ұстазым

   Ұстаз-ұлы тұлға. Оның ұлылығы ең алдымен мінезінде, адамгершілік тұлғасында, одан кейін біліктілігі мен білімдарлығында. Шәкірт бойына тәлім мен білім нәрін сусындатып, ұлттық тәрбиені, салт-дәстүр, әдет-ғұрыпты сіңдіре білген ұстазды ұлы педагог деп санаймыз.
Өмір ағысында бізге батыл қадам басып кетуімізді, қоғамдағы өз орнымызды қалыптастыруда ұстаз ұлағаты, тәлім-тәрбие өте маңызды болды. Әсіресе, мектеп табалдырығын аттағанда қанатының астына алып, ыстық алақанынан жылулық аямаған апайдың орны бір бөлек.
Алғаш әліппе оқулығын қолға ұстатып, әріп тани білуді, алғаш партаға отыруды үйреткен, өмірдің оң-солын танытқан ұстазым Гүлжахан Мұсабаева болды. Саналы ғұмырын машақаты көп мұғалімдік салаға арнады. Бүгінде біз сол апай салған ізбен келе жатырмыз. Біз де әр үйдің еркелерін төрт жыл бойы тәрбиелеп, жетілдіріп, жоғары сыныпқа қанат қақтырамыз. Жаңақорған ауданы Қаратөбе елді мекенінде №229 жалпы орта мектебінде ұстаздық қызмет атқарудамын. Ұстазыма айтар алғысым шексіз. Алғашқы ұстазым Гүлжахан апайдың мұғалімдер мерекесімен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына  амандық, бақ-береке тілеймін.

Салтанат ҚАЛМАНОВА,
№229 орта  мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
01 желтоқсан 2019 ж. 1 068 0