№32 (8743) 23

23 сәуір 2024 ж.

№31 (8742) 20

20 сәуір 2024 ж.

№30 (8741) 16

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » » ОНЛАЙН- МҮШАЙРА ОҢ ТАЛАПТЫ ҚОЛДАЙДЫ

ОНЛАЙН- МҮШАЙРА ОҢ ТАЛАПТЫ ҚОЛДАЙДЫ

Жақында аудандық Мәдениет бөлімінің ұйымдастыруымен өткен онлайн-мүшайраның тақырыбы Манап ақынға арналды. Байқауға қатысқан талапкерлер екі өлең – біріншісі Манап ақынға арнау, ал екінші өлеңі еркін тақырыпқа арналды. Шарада сынға түскен 7 талапкердің талап-талғамы сынға түсіп, жарқылдаған жасындай жыр додасында үздіктер қара үзіп алға шықты.
Жас ақындар қатарында Сүттіқұдық ауылындағы №52 орта мектебі оқушысы Сейдулла Қарақаттың өлеңі мазмұны жағынан салмақты, жарқын пафос, ой бар, бірақ буын санына келгенде алшақтық кездесті. Үйлесімсіздік өрелі өлеңге өз мінін түсіріп, мінезінен жаңылдырғанын айта кеткен жөн. Машбек ауылынан қатысқан Қуандық Бекзаданың "Абыз Манап" деген өлеңінде сәтті теңеулері сүйсіндірді. Екінші өлеі "Туған жер" тақырыбында ақын жүрегі атамекенге деген махаббатқа толы, өлеңі де сол ойды дөп басып тұр.
Қыркеңседен қатысқан ең жас ақынымыз, 8 сынып оқушысы Рахат Елеусіздің Манап ақынға арнауы тәуір шықты. Екінші өлеңі "Биылғы жыл" сәби көңілден шығуымен шынайылыққа толы.
Тағы бір талапкер Айтжан Сержанның өлеңі «Отан қорғау – азаматтың борышын» деп аталады. Ұйқасы мығым, тақырыпты аша білген. Ең жоғары орында Машбек ауылынан қатысқан Ыдырыс Дәулетханның Манап ақынға арнауында ұйқасы терең бояуға бай, салмақты теңеулері басым, тілі көркем, екінші өлеңі "Мен сізді ұмытқанмын" деген өлеңі жасандылықтан ада, шынайы сезімге құрылған.
Қорытындыда әділ қазылар шешімімен Машбек ауылдық округінен келген жас Дәулетхан Ыдырыс бас жүлдені қанжығасына ілді. Бірінші орынды №125 мектеп оқушысы Сержан Айтжан, екінші орынды Машбектік Қуандық Бекзада мен Қарақат Сейдулла, үшінші орынды Рахат Елеусіз және Бесарықтық Мәди Сейтқасымұлы иеленді.
Жеңімпаздар аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің арнайы дипломымен марапатталды.
Баян ҮСЕЙІНОВА
02 қыркүйек 2020 ж. 597 0