№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Ерекше мазмұнды мүшайра

Ерекше мазмұнды мүшайра


Әр қазақтың өлеңде қақысы бар. Байтақ даладағы бейқам тіршілігіне нәрлі бояу дарыта білген дарындыларымыз сол ғажайыбымен ұлан-ғайыр кеңестікке "Ұлы дала" атауын еншілете білген жоқ па? Ата-бабаның асыл мұрасын асқақтатқан ақын ұрпақтың жыр додасында тұсауын кесіп, талабына қанат бітіру - жыр мүшайраларының мақсаты осы.


Жайылма ауылдық клубы директоры, айтыскер ақын Нұрлан Жапековтың "Туған жер - тұғырым" тақырыбында аудандық деңгейде ұйымдастырған жас ақындар мүшайрасына 14 пен 19 жас аралығында 15-ке жуық талапкер қатысып, бақ сынады.
Қазылар құрамында төрелік етіп, жырға құштар жас талап жүрек үнінен айрықша ынта, ықылас, құштарлық қуатын танығандаймыз. Бұл тақырыпқа да байланысты болса керек. Туған жер дегенде қаны туламайтын перзент жоқ. Бірақ сол сүйіспеншілікті, сол махаббатты маржан тілмен мөлдіретіп жеткізуде Абайша айтқанда, "тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп, теп-тегіс жұмыр келсін айналасы" дегендей, сөздің төресін жүректен сарыққан талаптар да болды.
Қара өлеңге құр екпін беріп, екі сөздің басын құраған ақын емес, Бірақ осындай жайдақ, бірсыдырғы баяндауға құралған қарабайыр тіркестерді зорлап қабыстырып шөпті де, шөңгені де өлең еткен шала ұйқастар да, өлең техникасы дегеннен хабары жоқ татымсыз ой, сылдырма сөздің сарынымен құлақты сарсылтқан жыр жолдары да кездеспей қалмады.
Байқау шарты бойынша білінші өлеңі - Туған жер тақырыбына, екінші өлеңі - еркін тақырыпқа келгенде сыршылдығымен, ойының терең, қиялының жүйріктігімен топ жарғандар арнайы жүлделерді иеленді. Олардың қатарында Пернебай Гүлжайна Көктөбе ауылынан келіп қатысса, Дәулет Сұлтанғали Қаратөбе ауылынан келді. Шүкір Серікболсын Машбек ауылынан және Жаңақорған кентінен Әсел Маулен көш басынан танылды.
Жеңімпаздарға ауылдық Мәдениет үйі дайындаған Дипломдар мен сый-сияпат тарту етілді.

Баян ҮСЕЙІНОВА
18 қыркүйек 2019 ж. 960 0