№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Қаратауым жыр құйды таңдайыма

Қаратауым жыр құйды таңдайыма


Аудандық ақындар мүшайрасы Бесарық ауылдық кітапханасының оқырмандар залында өтті. Жүрек сөзін өрнектеп, сезімін тізбектеген 18 ақынның үздік туындысы жыр додасына түсті. Бағы жанғандар басып озып, шабыты жүйрік шын таланттар тұғырдан көрінді.  Мүшайраның алғашқы бөлімінде аудан ақындарының М. Көкеновтің 90 жылдық мерей тойына арналған арнау тыңдалды. Осы кезеңде халық ақыны атанған Манап Көкеновтің болмысын, жыр әлеміндегі орнын, ерекше өмірін поэзияға арқау етті.

Ақындар Жаңақорғанның 90 жылдығын, Қызылорданың 200 жылдығын және Астананың 20 жылдығын жырға қосты. Екінші кезеңінде әр қатысушыға бір-бір ақ қағаз бен қалам үлестіріліп, 20 минут уақыт ішінде «Қаратауым жыр құйды таңдайыма» тақырыбында 3 шумақтан аспайтын өлең жазуды тапсырды. Бірінші кезеңге қарағанда бұл кезең нағыз тартыс алаңына айналды. Төрт қатар өлеңнің ұйқасын, иірімін және поэзия табиғатын келтіру үшін бар таланттын көрсетіп, шын шабысты ақын екенін көрсетуге тырысты. Осы кезеңде кімнің қалай өлең өретіні мен қарым-қабілеті байқала бастады. Бір тақырыпта жазған 18 түрлі өлең кезегімен тыңдалды. Осы кезеңде Айман Ибраемова, Айдана Тұрсынбай, Құтымбай Нұрболат, Сағи Биғабылов, Жадыра Орынбасар және тағы басқа да өнерпаздардың өлеңі жүректен жүрекке жетті. Мүшайраға Уали Ибрагимов, Ерсұлтан Мұстафаев және «Жаңақорған тынысы» газетінің бөлім меңгерушісі Мақпал Марқабай төрелік етті. Мүшайраның қортындысында 18-40 жас аралығындағы үлкен ақындар арасында бірінші орынға жайылмалық Наржан Бижан, екінші орынға шалқиялық Айман Ибраева, үшінші орынға талаптық Жәнібек Сыздықов лайық деп танылды. Ал, жасөспірімдер арасында манаптық жас ақын Ақнұр Арғынбай бірінші орынға көтерілді. Арқалы ақын екенін дәлелдеген Ұланбек Бексаба екінші орынға жайғасты. Үшінші орынға қасқағым сәтте тамаша өлең құрай білген Айжамал Серік тұрақтады.
20 сәуір 2018 ж. 1 296 0