№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » » “Дүние де өзі, мал да өзі, ғылымға көңіл бөлсеңіз”

“Дүние де өзі, мал да өзі, ғылымға көңіл бөлсеңіз”


Ұлт келешегін ілім-білімге үндеп, оқып-тоқуға ынталандырған Абайдың осы сөзінен артық асып түсетін бір ақыл-өсиет қалдыру мүмкін бе? Қаншалықты қарапайым болсасоншалықты құдіретті қадір-қасиетімен әр қазақтың көкірегіне сәуле жаққан қандай дана, қандай сара сөз еді десеңші!
Туған халқын жанындай сүйген ақын жүрегінің бақытты болашақтың  кілтін білімнен іздеген ұлы арманы – ұрпаққа аманатына адалдық танытып жүрміз бе? Бүгін осы тақырып жөнінде ой толғамақпыз.

Абай аңсап өткен қазақтың ілім – білім деңгейі қазір қай деңгейде? Дүние жүзі жалпы интеллектуальды жетістіктерінің шырқау шыңы саналар – Нобель сыйлығы лауреаттары арасында еврей ұлты 20 пайызды еншілеп келеді екен. Ал қазақ ше?
Адамзат тарихында әлемді таң қал­дырған  «Жеті ғажайыптың» бірі – пирамидалар. Арабтардың «Адам уа­қыттан қорқады, ал уақыт пирами­далардан қорқады» деген тәмсілі текке айтылмаса керек. Жер жүзі ғалымдары болып аса күрделі тәсілмен салынғанпирамидалардың құпиясын таба алмай , әлі күнге бас қатыруда. Ал ол құпиялардың астарында ғылым құдіреті жатыр. Абайдың айтып отырғаны, осынау түпсіз терең ғылымды  танып, адам игілігіне жарату мәселесі.
Абай атамыз «Жетінші қарасөзінде»: Жас бала анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі ішсем, жесем, ұйықтасам деп тұрады. Бұлар тәннің құмары. Біреуі білсем деп не көрсе соған талпынып, сырнай, керней болса соның дауысына ұмтылып, ит үрсе де, мал шуласа да, біреу күлсе де, біреу жыласа да ол немене, бұл немене деп  көзбен көрген, құлақпен естігеннің бәрін сұрап тыныштық бермейді. Мұның бәрі жанның құмары. Осы ынтызарлықты ержеткенде әрі ұштап, өрісімізді ұзартсақ керек еді... Көкіректе сәуле, көңілде сенім жоқ» деп қамыққан ақын уайымы нақ бүгінгі күні де өзекті. Көз алдымызда өсіп келе жатқан ұл-қызымыздың көңіл сарайы ашықтығы,көкірек толы ынтасынан гөрі бас ауыртпай бағын ашар  апа-көкеге көп сеніп, жылы орын жағалап жүретін жаман әдетіміз әлі қалмаған ғой. Бір жағынан,  артып тұрған білімі болмаса да асығы алшысынан түсіп, ақылдының алдын орап кететін әділетсіздіктер көп жерде жігерді құм етіп, білімдінің бағын байлап келе жатқаны да шындық. 
Ұлттың ұстазы, ұлттың жұмбағы – Абай «Дүниені іздеп, ғылымды іздеп, екі жаққа үңілдім» дейді, Ол ел бастаған, топ бастаған, ру бастаған тұлғалардың намысты қолдан бермес, рух пен жігерге бай  болумен қатар көзінің ашықтығын қатты қалады. Өйткені ілімі бар, зиялы жан обал-сауапты аттамайды, оларға халық тағдырын сеніп тапсыруға болады. Бірде Абай Жетісуда өтетін сьезге барғанында  болыс сайлауына түскелі тұрған біраз дәмелінің кеудесін қамшы ұшымен нұқып өте бергенде  Дәулет деген қара жігіттің қарсылығына тап болады. «Әй, Құнанбайдың ұлы, кеудемнен түртетін мал емеспін» деген оның шаруасы біттіге жориды жұрт. Жоқ, Абайдың өзқалауы дәл осы жігітке түсті. Ұлт ертеңін ойлар осындай көкірегінде  оты бар, «өзіне сенген, өзін екі жақтап алып шығар ақылы мен қайратына жүгінген» азаматтарға көп иек артты.Қазір де солай. Қазір де қазақ осындай азаматтарға зәру. Құр мансапты көздейтін, орынтағынан айрылып қалмау үшін көкірегі біліп тұрғанды көмейге тығып, ақысы кетсе де үндемей бұғып, жан бағып жүргендер көптің жоғын түгендер ме?
«Соқтықпалы, соқпақты жерде өстім, мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма».Абай неге бұлай деді? «Абай – Мұхит, сол мұхиттан шөміштеп қана алдым». Бұл Мұхтар Әуезовтің сөзі. Олай болса Абайды жете тану үшін бізге әлі көп-көп іздену керек. Абайтануды мектеп жасынан бастау керек.
Қазір мектептерде «Абайтану пәні ендірілген. Бірақ бағдарламасы көңілден шықпайды. Мұғалімдер иетернеттен, әр-әр жерден алған жоспармен жұмыс жасайды. Ғылыми жүйеленген, тереңдетілген, бай мазмұнды бағдарлама түзіліп біткен жоқ. Өзіміз де  Мұхтар Әуезовтың «Абай жолындағы» Ахмет Риза медресесін бітіріп, ауылға қайтып келе жатқан он төрт жастағы Абайды көзімізге толық елестете аламыз да одан бұрынғысынан мүлде бейхабармыз. Бала Абай қандай болды? Ақын Абай, одан соң Хакім Абайдың балалық шағы хикметтен кенде болды дей алмаймыз. Мұны да жас ұрпақ санасына зерделетуіміз қажет. Жас Абайдың анасы Ұлжанға:  «Апа, мен дүниеге келгенде айнала әлем қызылды-жасылдықұлпырып тұрмап па еді» деген сөзін қоштаған анасы : «Иә, ұлым, сен туғанда  үйдегілер жүн бояп жатқанбыз» деп жауап бергені қандай ғажап. Өмірге жаңа көзін ашқан сәби сананың зеректігіне таң қалмасқа амалыңыз жоқ. Осы жайтты біздің балаларымыз біледі ме, жалпы жастарымыз Абайдың бес-алты өлеңін жатқа білгенін малданып, бәрін білетіндей болып жүр ме?
Абай мұраларын оқу аз, жүрекке тоқу керек. Мәселен, Абайдың «Толық адам» концепсиясын кім қалай түсінеді? Мұны да ғылымиландырып алдық. Қарпапайым тұрғыда алғанда  толық адам болу үшін Абай айтқан «бес нәрседен қашық болып, бес нәрсеге асық болу» жеткілікті. Кісі өсек, өтірік айтпаса,мақтаншақ болмаса,орынсыз,бекер мал шашқан ысырапқорлыққа жол бермесе,ынсапты, ыждағатты болса, талапты болып, көп еңбектенуді сүйсе, ойлы, қанағатшыл, рақымшыл болса адамның қайырлысы сол емес пе? Біз осыны ғана ұрпақ бойына қондыра алсақ балаларымыздың көкірек көзі ашылар еді. Көкірегінде көз болу дегеніміз – бұл айрықша  артықщылық, ондай жас кісіні қабағынан танитын зерек болып ержетеді. Қоғамда тікелей айтпасаң ұқпайтын арсыздықтың белең алуы титтейінде берілмеген тәрбиенің кемшілігі ғой. Абай бізді осындай ойсыздықтан сақтандырады.
«Үш ақ нәрсе адамның қасиеті: ЫСТЫҚ ҚАЙРАТ, НҰРЛЫ АҚЫЛ, ЖЫЛЫ ЖҮРЕК».
Абайдың қай сөзін алып қарасаңыз тұнып тұрған даналық. Бүгін ғана емес, болашаққа да аса бағалы бағыт-бағдар, өсиет-өнеге.
Бір түйткіл, біз Абайды өз деңгейінде бағалап жүрген жоқпыз. Әлі күнге Абай еңбектері ғылыми айналымға еніп біткен жоқ. Биыл ғана Еуразия университеті жанынан Абай ғылыми-зерттеу Академиясы ашылды.Конфуций қағидаларының дүние жүзінде салтанат құруына лайықты үлес қосып, Қазақстанда ашылған Конфуций институттары негізінде данышпанды терең оқып-біліп, оның қағидаларын жатқа білетін қазақ Абайға келгенде тілі жаңа шыққан баладай  төрт қатар өлеңін ежіктеп жаттап, онда да мәжбүрліктен, бір күн сұрап қалса ұятқа қалмасы үшін енді талпынып жүргені ұят, өте ұят. Ұлттың тілін менсінбеген оның ұлылығын қалай ұқсын? Біз ең алдымен осы кемшілігімізден арылуымыз керек.
Біздің айтпағымыз, әр отбасында ата-ана баласына Абай өлеңдерін оқытуды қолға алуы керек. «Абай жолы» қайта парақталуы тиіс. Бір-ақ нәрсе айқын: Абайдың он өлеңі өреннің бүкіл өміріне азық.
Соны ұмытпайық.
23 тамыз 2020 ж. 9 951 0