Ақыл ойдың зергері Ұлы Абай!
Ұлы даланың қиын-қыстау заманында дүниеге келіп, өмір жолын халқының қырымен-сырына арнап, қысқа өмірінде мазмұны терең жаныңа нәр беретін өлеңдерімен көнермейтін күмбез соғып қазақты әлемге танытқан Ұлы Абай Құнанбайұлының 175 мерекелі жасы ЮНЕСКО деңгейінде аталып өтуі еліміз үшін мақтаныш болатыны сөзсіз.
Ұлы Абайдың 175 жылдығына арнайы көңіл бөліп «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты кемел ой толғаған мемлекет басшысының байыпты бағдарламасы бүкіл халқымыздың мақтанышы, данышпан Абай рухымен қазағын қайта қауыштырғандай.
«Ғұлама Абай – қазақ топырағынан шыққан әлемдік деңгейдегі кемеңгер. Ол күллі адамзат баласына ақыл-ойдың жемісін сыйлады» – деп терең ой тербеуі қандай әсерлі еді.
Демек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік дәрежедегі дипломат ретінде өзіндік көзқарасын нақты жеткізіп отыр. Осы орайда сөз зергерінің бір шумағын келтіре кетсек,
«Өлді деуге бола ма айтыңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған».
Қазіргі кезеңде ақын да, жазушы да, ғалым да еліміздің қайраткерлерін дейін Ұлы ақын шығармашылығына баспасөз бетінде толассыз насихаттап жатыр.
Ал білім ордаларында – мектептен бастап, жоғарғы оқу орындарына дейін Абай еңбектері оқытылып, өлеңдері мен әндері әуелеп, мазмұнды іс-шаралар жүйелі жалғасуда.
Демек, Президенттің еңбегі өз елімізде ғана емес, әлемдік деңгейде Абай тану тарихын зерделеуге жол атты десек артық емес.
«Ғұлама Абай – қазақ топырағынан шыққан әлемдік деңгейдегі кемеңгер. Ол күллі адамзат баласына ақыл-ойдың жемісін сыйлады». Абай еңбектерін дүние жүзінің аса ірі он мемлекет тіліне аудару, Ұлы ақын өмірінен деректі фильм түсіруге тапсырма беруі де ойымызды дөп басты.
Абай Құнанбайұлының әлемдік деңгейдегі сөз зергері, ақыл-ойдың жетекшісі екендігін Тұңғыш Президент Н.Ә.Назарбаев «Абай қазақ халқының рухани қазынасына өлшеусіз үлес қосқан ғұлама ғана емес, сонымен қатар ол қазақ халқының ел болуы жолында ұланғайыр еңбек еткен данагер. Абай – әлемдік деңгейдегі ойшылдардың қатарындағы ғажайып тұлға» деп кестелеуі классик қаламгердің әлемдегі орнына берген аса жоғары бағасы деуімізге толық негіз бар.
Әрине, ұлы адам, кемел ой иесі қазақтың маңдайына біткен қаламгер туралы айта берсек сөз маржаны тарқатыла берері даусыз. Өйткені ақынның әрбір өлеңі тұнып тұрған ғибрат. Ең бастысы, болашақ жастарымыз Абайдың өнегелі сөзінен мағыналы ой түйіп, көкірегіне қондыра білсе, біздің ұтқанымыз сол.
Ақынның мына жыр жолдары бүгінді де дөп басып тұрғандай:
«Мал үшін тілін безеп, жанын жалдап.
Мал сұрап біреуді алдап, біреуді арбап.
Жат елде қайыршылық қылып жүрсе.
Өз елін бай деп мақтап құдай қарғап».

Мұзарап Махмұтұлы,
Еңбек ардергері