ТАРИХИ ШЕШІМ
Тәуелсіз еліміздің тарихында ҚР Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекетіміздің жарқын жолындағы ерен еңбегі әрқашан жоғары бағаланып, ғасырлар бойы ұрпақтар есінде мәңгілікке сақталатыны анық. Елдік мүдде үшін бір қадам кейін шегінген емес. Астананы Алматыдан Сарыарқа төріне ауыстыруының геосаяси мәнінің бар екендігі түсінікті жағдай.
Әлемдік тәжірибеде астанаға 1791 жылы АҚШ-тың тұңғыш президенті Вашингтонның атының берілуі және Вашингтон тауының, көлінің, аралдың болуы бәрімізге белгілі.Сондықтан мен еліміздің жүрегі Астана қаласының Нұр-Сұлтан деп аталуын заңды құбылыс деп білемін және толық қолдаймын.
Кешегі Кеңес Одағы тарқап, тұста елдегі дүкендердің сататын заты болмауынан жабылып, айлық жалақы, зейнетақы 4-5 айлап берілмеген кездері әлі күнге дейін көз алдымда. Елестету қорқынышты. Сондай қиын кезеңдерден, тоқырау заманынан аман-есен халқымызды, елімізді алып шығып осындай құқықтық, зайырлы, демократиясы дамыған тәуелсіз мемлекетке айналдырған Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ел ақсақалы ретінде алғысым шексіз.
Бөтен, теріс ағымға түсіп Сирияда адасып жүрген еліміздің 41 азаматы (оның ішінде 30-ы бес жасқа дейінгі балапандар) бостандыққа шығарылса, Елбасы ұйымдастырған «Жусан» операциясының рөлі айрықша ерлікпен пара-пар. Әрине бұл Н.Назарбаевтың шет мемлекеттер алдындағы беделінің жоғарылығын танытады.
Егемен елдің Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Тәуелсіз елімізге жасаған өлшеусіз еңбегін ұрпақтар есінде, тарихта мәңгі қалдыру біздің борыш.

Мырзажан ЖАКИПОВ.