ҚАЙЫРЛЫ ІС – ЖАНҒА ДӘРУ
Арамызда әлеуметтік көмекті қажет отбасыларға жүрек жылуын ұсынып, сауапты іске ұйытқы болудан асқан бақыт бар ма екен?! Ата-бабамыз ұстанып, ұрпақтан ұрпаққа сабақтасқан қайырымдылық істері бүгінде жалғасын тауып келеді. Тіпті халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің біріне айналды.
Коронавирус адамзаттың өмірін жаңа бағытқа бұрып, өмір сүру салтын өзгертті. Жұқпалы індет елдердің арасындағы экономикалық байланыстарға сызат түсіріп, тауар айналым көлемі азайды. Бұл – жаһандық экономиканың өсіміне айтарлықтай әсер етіп, ірі-ірі компаниялар банкрот болуда. Осы тұста, елдің әр өңірінде вахталық жұмыс жасайтын азаматтар жұмысына бара алмай отыр. Жалдамалы жұмыс жасайтындар да үйіне қамалды. Бизнеске де салқыны тиді. Бәрінен бұрын, індет тез тарап, адам өлімі жиіледі. Әлеуметтік жағдайы төмендеген отбасыларға мұның бәрі қатты соққы болатыны белгілі.
Мұндай сәтте халқымыздың қайырлы істері жанға қуат, бойға дәтке беретіні анық. Соған куә болудамыз. Яғни қайырымды азаматтар тұрмысы төмен отбасылар мен қараушылары жоқ қартар мен жалғыз басты жандарға азық-түліктен көмек қолын созды. Солардың бірі – кент орталығындағы Түршекұлы көшесінің тұрғындары еңбек ардагерлері Құрбанай Майлыбаев, Алшынбай Тұртанов, Айтжан Үрмішов бастаған бір топ азаматтар орталарынан қаржы шығарып, тұрмысы төмен отбасыларға көмек берді. Ортақ іске жұмыла қол ұшын созған көше тұрғындарының жинаған қаржысына бір бас ірі мал алынып, оның еті 22 отбасына таратылды.
Дәл осындай қайырымдылық шарасын Қожакент ауылдық округінің Изатулла Үсенов, Мұхаммед Рүстемов, Мұхтар Бұрханов бастаған белгілі меценат азаматтар ұйымдастырды. Олар екі қара малды ауыл мешітіне әкеліп, құрбандық шалып, Құран бағыштап, 24 түтінге тегін таратты.
Әлеуметтік желілер арқылы осындай қайырымдылық істері Қыркеңсе, Ақүйік, Төменарық ауылдық округінің тұрғындары да ұйытқы болғанын оқып отырмыз.
Ел азаматтары қиындыққа тап келген отбасыларды қолдап, рухани демеп жатқаны қуантты. Бұған елдің бай-бағландары да үн қосса игі болар еді. Олар мемлекеттен миллиондаған теңге көлемінде субсидия алып, дәулетін арттырды. Енді олардың да елге шынайы жанашырлық танытатын кезі келді...
Ерубай ҚАЛДЫБЕК