№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Бүгінгі жауапкершілік – ертеңгі ағайынның саулығы

Бүгінгі жауапкершілік – ертеңгі ағайынның саулығы

Құрметті жаңақорғандықтар!

Дүние­жүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан шыққан коронавирус инфекциясы әлемге қауіпті індет екенін жариялады. Қазір жаһан жұрты COVID-19 пандемиясымен күресуде. Бұдан әлемдегі бірде-бір ел тыс қалмады. Вирус жер бетіндегі 180-нен астам елге жайылып, әсіресе экономикасы озық Еуропалық Одақ елдері мен АҚШ-та адам шығына тіркелді. Бұдан алатын сабақ, бізге Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Үндеуіне құлақ асып, сақтық шараларын күшейтуіміз керек.
Сарапшылар өлім-жітім санының жиілігі әлемдік соғыстың деңгейіне жетті деп дабыл қағуда. Германияның медицинасы мен ғылымы дамыған, «Үлкен жетілік» елдеріне кіретін ел. Бірақ індетпен күресудің тиімді жолын әлі тапқан жоқ. Германияның канцлері Ангела Меркель мұны екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ауқымы мен зардабы үлкен індет деп бағалады.
Ал бізге дүниежүзілік індетке бей-жай қарауға мүлдем болмайды. Әрбір азамат коронавирус індетіне қарсы тұрудың жолы – өз-өзін шектеп, оқшаулануы керек. Әзірге қауіпті індеттен қорғанудың жалғыз жолы осы. Елдің денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін жеке азаматтар ас беру, той өткізу мен қоғамдық орындарда өтетін діни жоралғыларды шектеуге түсіністікпен қарап отыр. Кафелер, мейрамханалар мен ойынханалардың иелері де қауіпті індеттің жайылып кетпеуіне мүдделік танытып отырғаны қуантты. Азаматтар мен кәсіпкерлерге елдің қауіпсіздігін сақтау ісіне жауапкершілікпен қарағаны үшін алғыс білдеремін.

Қадірлі жерлестер!
Жаңақорған ауданы мыңжылдықтардан бастау алатын шежіресімен мақтана алады. Аудан территориясындағы Ұлы Дала елінің саяси һәм рухани орталығы болған Сығанақ, Сауран, Өзгент және т.б шаһарларымен мақтанамыз. Бұл орталықтар бағзы замандардан қайырымды, қайырлы қалалар ретінде аты шықты.
Мұны неге айтып отырмыз, мұндай сабақтастық бүгінгі жаңақорғандықтардың күнделікті істерінен көрініп жүретінін мақтанышпен айтуымызға болады. Ата-бабаларымыздан келе жатқан қайырымдылық, мейірімділік қасиеттерін шынайы әрі жаппай көрсететін кезі келді.
Қазір нарықтық қоғамда тіршілік етудеміз. Коронавирус індетінің өршуі мен әлемде мұнай бағасының құлдырауы, мемлекеттер арасындағы шекаралардың жабылуы өз кезегінде азық-түлік түрлерінің қымбаттауына әкеп соқты. Нарықтың өз заңдылықтары бар. Сұраныс пен ұсынысқа сай баға реттеледі. Белгілі бір уақыт ішінде тауарларды тұтынушылардың сатып алу қабілеттілігі мен сұранысы күрт артса, бағасы қымбаттап кететіні шыңдық. Сауда орындарынан осыны байқауға болады. Бұл жағдай аудан тұрғындары арасындағы әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға айтарлықтай ауырлық тигізуде. Осындай қысыл-таяң шақта Жаңақорған ауданындағы кәсіпкерлердге мұқтаж отбасыларға қолдау білдіруді сұраймын.
Бүгінде белгілі кәсіпкерлер қолдаған «Жаңарған Жаңақорған жастары» қоғамдық қоры игілікті, сауапты істерге ұйытқы болуда. Қоғамдық ұйымның жұмысын одан әрі жетілдіріп, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қолдау беру маңызды деп санаймыз. Ол үшін аудандағы барлық кәсіпкерлерді жауапты әрі сауапты істе белсенділік танытуға шақырамын.
Біздің мақсатымыз – қайырымды азаматтардан жиналған қаржы әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың тұрмыс деңгейін бір қалыпты ұстап тұруға бағытталатынын айтқым келеді. Яғни әлеуметтік маңызды азық-түлік түрлерін нақты кезеңдегі базар бағасынан төмен қаражатқа сатып алуға мүмкіндік жасаймыз. Бұл дегеніміз, 2020 жылдың қаңтар-ақпан айында сатылған бағалармен реттеліп отыратын болады. Сонда ғана нарық бағасының шамадан тыс шарықтап кетпеуіне оң ықпал етері сөзсіз. 

Құрметті ағайын!
Сыр елі қашанда сындарлы сәттерде сыр бермей, талай кезеңді басынан өткізді.
Бұл қатерлі індетті жеңуде біз тағы  да елдің ауызбірлігін көрсетуіміз қажет. Мемлекет тарапынан жасалуы қажет шараларды аудан әкімдігі толығымен атқарады және бұл шаралар менің жеке бақылауымда болатындығын жеткіземін.
Ең бастысы, үрейге бой алдырмай, сабыр сақтауымыз керек. Мемлекет пен кәсіпкерлердің бірлескен істері тығырықтан шығаруда өз септігін тигізетініне сенеміз. Ол үшін бізге бірлік пен берекенің бағасын түсініп, елдік істерде бірге болуымыз маңызды.
Сіздерге мықты денсаулық, отбас­ыларыңызға береке-бірлік тілейміз!
Еліміз коронавирус індетін ұйымшылдықпен жеңуде тәртіп пен татулықты көрсетеді деген сенімдеміз.

Құрметпен,
Жаңақорған ауданының әкімі Сұлтан МАҚАШОВ
23 наурыз 2020 ж. 2 772 0