Соңғы жаңалықтар

№2 (8916) 10

10 қаңтар 2026 ж.

№1 (8915) 6

06 қаңтар 2026 ж.

№100 (8914) 31

31 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
» » Сауапты іске дайынмын

Сауапты іске дайынмын

Әлем елдерінің экономикасын құлды¬ратып, мыңдаған азаматты жалмаған індет елімізге де келді. Бұл жай ауру емес, әзірге дауасы табылмаған жұқпалы індет. Осындай сындарлы кезде «Ел басына күн туса, ер жігіт етігімен су кешеді» деген қағиданы ұстанған азаматтар елмен бірге болып, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды қолдайды деген ойдамыз. Өз басым әкім бастаған сауапты іске дем беруге дайынмын.
Ауданның өзге де іскер азаматтары халық қамын, ауыл ағайындардың өмірі мен денсаулығына тамшыдай үлес қосып, арлы азаматтың бейнесін көрсететініне шүбә келтірмейтініне сенемін.
Кәсіпкерлік – ел игілігі үшін! Сондықтан халыққа қамқор болып, елге қызмет ететін сәт туды. Мұндай қайырымдылық қасиет біздің азаматтардың тегінде бар. Сондықтан біздің кәсіпкерлер әлеуметтік осал отбасыларға қолдау білдіріп, аудан әкімі Сұлтан Мақашовтың бастамасына белсенді қатысады деген ойдамын.

Баян БОЖБАНБАЕВА,
аудандық «Іскер әйелдер» қауымдастығының басшысы
27 наурыз 2020 ж. 708 0