№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

ЕҢ АҚЫЛДЫ АДАМДАР

Ақиқатында, әлемдегі ең данышпан адамдар кімдер? Бұл сауал қандай өлшемге қатысты анықталады? Жалпы, адамның ақылды болуы миының салмағына байланысты ма? Әрине, пікірлер әрқилы. Десек те, ғаламтор мен зерттеу агенттіктерінің осыған қатысты өз болжамдары бар.

Негізгі, адамның ақылдылығы оның миына қарап бағаланады десек бұл дұрыс қисын ба? Егер осы пікірге ден қоятын болсақ, ауыр салмақты ми Тургеневтікі (2012 грамм) болып шығады, ал Эйнштейндікі – 2000 грамм. Рас, екеуінің танымалдылығы жоғары. Бірақ...
Психологияда «интеллект коэффициенті» деген бар. Бұл ереже бойынша, адамның өресінің мықтылығын арнайы тест сауалдары арқылы анықтайды. 1912 жылы неміс ғалымы Штерн енгізген бұл жүйе шындығында әлемдегі кімнің ақылды, логикалық жағынан ойлау, тез арада шешім табуының мықтылығы және тапқырлығымен өлшенеді. Кім бұл сұрақтарға көбірек дұрыс жауап берсе, сол данышпан. Бірақ ол қаншалықты қисынды? Мысалы, Штеріннің көрсеткіші арнайы тест ережесі бойынша, 0 ден 19-ға дейінгі бірлік көрсеткіші бар адамдардың ақыл-ойы дамымаған болып саналады. 20-36 бірлік кеш – дамуы, 69-85 бірлік орта деңгейге жақындау, 86-144 бірлік орта деңгей, 115-124 бірлік – орта деңгейден биік, 125-134 бірлік ақылы толысқан, ал 135-тен жоғары көрсеткіш – данышпан деп аналады екен.
Олай болса, ғаламға аты мәшһүр танымал тұлғалардың ой-бірлік өлшемін сараптап көрейік. Мысалы, жазушы Онере де Бальзактың өре өлшемі 187 бірлікті құрайды, ал біз сөз еткен миы салмақты ғалым Альберт Эйнштейннің – 180. Бұл ретте Билл Гейтс – 160, Хиллари Клинтон – 140, Владимир Путин – 134, Кіші Джордж Буш – 120, Анджелина Джоли – 118, Алла Пугачева – 106, Бритни Спирс – 98, Пэрис Хилтон – 70.
Бұл жерде Штерн тестіне қатысты дау айтуға болар: Мысалы, Пэрис Хилтоннің өре өлшемі «70» деген бірлік санды көрсетіп тұр. Ережеге сенсек, оның ақылдылығы «орта деңгейге жақындау» болып есептеледі. Бірақ Пэрис Хилтонның танымалдылығы өте жоғары ғой. Фотомодель, дизайнер, әнші, актриса, әлемдегі атақты Hilton Hotels қонақ үйлер желісінің қожайыны ретінде оны бүкіл әлем біледі. Салыстырмалы түрде қарайық. Мысалы, Гетенің өре өлшемі 200 бірлікті құрайды. Бұл орайда Ньютон мен Вольтер – 190, Галилея – 185, Леонардо да Винчи – 150, Бах пен Дарвин – 140, Коперниктің өре өлшемі – 130 бірлікті көрсетіп тұр. Ал әлемде қай ұлттың, қай мемлекеттің өресі биік? Мұны таразыға салар болсақ, «өре өлшемі» көрсеткіші мынадай: ең жоғарғы көрсеткіш Гонконг – 107 бірлік, Корей елі – 106 бірлік, Жапондар – 105, Қытайлар – 98, Құрама Штаттар – 97, Ресей – 96 бірлік, төменгі көрсеткіштер: Кения – 72 бірлік, Гвмнея – 69 бірлік, Эфиопия – 66 бірлік. Енді осыған қарап әлем халықтарының қайсысы ақылды екенін өлшеуге бола ма? Ондай тұжырым қисынсыз секілді.
Жалпы, таразыға салар болсақ, әлемдегі халықтың 50 пайызының өресі 90 мен 110 бірлікті құрайтынын айта кету қажет. Жер шары тұрғындарының 2,5 пайызы ақылы толыспаған, миы дамымай қалған деп есептеледі. 2,5 пайызы ортадан, қалғаны ортадан жоғары, ал 0,5 пайызы ақылды адамдар санатына жатқызылады екен. Десек те, Штерннің өре өлшемі бірлігіне қарап адамдардың данышпандығын саралайтын болсақ, әлемдегі ең ақылды адам кім?
Әлемдегі ең ақылды адам – Уильям Джеймс Сидис. Украинадан шыққан еврей эмигранттың баласы. Әке-шешесі Гарвард университетін бітіріп, АҚШ-тағы ең мықты психолог мамандардың бірінен саналған. Шешесі болса, Бостон университетін бітіріп, бала тәрбиесімен айналысқан. Ата-анасы Уильямді бала жасынан данышпан етіп тәрбиелегісі келгені байқалады. Шын мәнінде, бала данышпан етіп тәрбиелегісі келгені байқалады. Оны әке-шешесі өз методикасымен тәрбиелеп, оқытқан. Шын мәнінде, бала данышпан болып шыққан. Бір жасынан бастап ол қатесіз жаза бастаған, 18 айында «Нью-Йорк Таймс» газетін қиындықсыз оқи беретін болған. Төрт жасында Гомерді түпнұсқасынан оқып, алты жасында Аристотельдің логикасын үйреніп, атеист болды. Төрт пен сегіз жас аралығында Уильям Джеймс Сидис төрт кітаптың авторы атанды. Ол жеті жасқа толғанда, Гарвард медицина мектебіне анатомиядан емтихан тапсырды. Сегіз жасында ағылшын, грек, латын, иврит, орыс, француз, неміс тілін жетік біліп, өзі Vendergood тілін ойлап шығарған. Білімпаздардың айтуынша, ол ересек шағында 40-қа жуық тілді меңгеріп, 200-ге тамам тілді еркін аударатын болған. 11 жасында Уильям Сидис Гарвард университетіне оқуға түскен. Қазіргі күнге дейін оның АҚШ тарихы, психология және космологиясы жайында жұмыстары сақталған. Сидис көлік жүйесін зерттеп, темір жол билеттерін жинаумен айналысқан. Кейінірек ол Франк Фалупа деген атпен теміржол билеттері туралы тракттар жазған көрінеді. 16 жасында Гарвард университетін үздік бітірген ол шындығында оқшаулау өмір сүрген. Өзінің зиялылығын дамыту үшін, тіпті жыныстық қатынасқа түседенде де бас тартқан көрінеді. Алайда ең талантты, ақылды деп аталған Уильям Джеймс Сидистің интелек коэффициенті қанша болған? Кейбір болжамдарға қарағанда, Уильям Джеймстің өре өлшемі 250-300 бірлікті көрсеткен деген болжам бар. Бір қызығы, орта жастан асқанда, ол қарапайым ғұмыр кешкен көрінеді. Ол қай жұмысқа орналасса да, талантын көрсеткен жағдайда дереу басқа қызметке ауысып отырған. Сонымен қатар ол қанша данышпан болса да, журналистерден қашқалақтап, бұйығы өмір сүрген. Талантты азамат. 1994 жылы Бостанда жүрек ауруынан қайтыс болды.
АҚШ-тың Миссури штатының тұрғыны жазушы, журналист, драматург Мэрилин вос Савант та ғаламшардағы данышпан адам ретінде саналады. Оның өре өлшемі 228 бірлікті көрсеткен. Осы көрсеткіші арқылы ол Гиннестің әлемдік рекордына енген. Екі баласы бар, Jarvik Heart компаниясының қаржы директоры болып саналатын Мэрилин 1986 жылдан бері АҚШ-тың Parade атты атақты журналында «Мэриленнен сұраңыздар!» атты арнайы айдар жүргізіп, оқырмандардың әртүрлі сауалдарына жауап береді. Бір таңғаларлығы, Мэрилен Штерн ақылдылықты сараптау жөніндегі тестен 10 жасында өткен. Араға 20 жыл салып тағы да данышпандығын сынағанда, оның өре өлшемі тағы да 228 бірлікті көрсеткен. Міне, тұғырынан төмендеген ақылдылық көрсеткіші. Кәріс азаматы Ким Унг-Йонг те – әлемдегі ең ақылды адамдардың бірі. Оның өре өлшемінің деңгейі – 210 бірлікті көрсеткен. 1963 жылы туған ол 4 жасынан бастап, күрделі математикалық теңдеулерді шешкен. 5 жасында неміс, кәріс, жапон және ағылшын тілдерін білген. 3 жасында Hanyang университетіне оқуға қабылданып, алты жасына дейін оқыған. 15 жасында Ким Унг-Йонг Colorado State Univercity-інде физика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін қорғаған. АҚШ-та бір жылдай істеп, Оңтүстік Кореяның бірқатар жоғары оқу орындарында сабақ берген. Әлемдегі ең ақылды, жас талантты ғалым ретінде Гинестің рекордтар кітабына енген. 90-нан астам жаңалығы мол ғылыми мақалалар жазған ол қазір де интелектуалдық әлеуеті зор шағында.
Америкалық азамат Ким Пиктің де тағдыры қызықты. Ең бір таңқаларлығы, ол оқыған кітаптарының 98 пайызын миында сақтайтын болған. Ол осы қасиетіне байланысты «Ким-пьютер» лақап атын алған. Ким Пиктің артықшылығы мынада: ол қас-қағым сәтте кітаптың айқарма бетін 8-10 секундта оқып бітіретін болған. Кітаптың беті қалай аударылып тұрса да, ол қас-қағым сәтте оқып бітіре беретін болған. Оның есте сақтау қабілетінің мықты болғаны соншалықты, өмірінің соңына дейін 12 мың кітапты жатқа білген. 1951 жылы Солт-Лейк-Ситиде туған ол 2009 жылы қайтыс болды. Ерекше дарынымен дараланған ол 1,5 жасынан оқи бастаған, 3 жасында газет-журнал қарап, 7 жасында Библияны жатқа білген. Ол бір оқыған кітабына қайта оралмаған. Бұлшық еттері әлсіз болғанына қарамастан, ол дарынды болған. Ең бір қызығы, Ким Пик тұрмыста икемсіз өскен, ол тіпті өзінің көйлегінің түймесін сала алмайтын көрінеді. Тағы бір данышпан нигериялық Филипп Емегвалидің интелект коэфициенті 190 бірлікті білдіреді. Ол 65 000 паралель процессорлардан тұратын суперкомпьютер ойлап тапқан. Электроника және электротехника институты тағайындаған Гордон Белл атындағы арнайы сыйлықты жеңіп алған оның жетістігі шындығында да бір төбе. Оның суперкомпьютері мұнайлы далада жұмыс істеп тұрған құрал-жабдықтар тұрақты бақылауға алып тұрады. Бірақ данышпандардың тірлігінің барлығы тындырымды ма? Кейде олардың тірлігі де түсініксіз. Бір қарасаң ақылесі дұрыс секілді. Ал кейде... Осыдан бірер жыл бұрын Санкт-Петерборда тұратын Ресей ғалымы Григорий Перельман туралы бүкіл БАҚ тебірене жазды. Бір ғасырдан бері теңдеуі шешілмей келе жатқан есепті шешкен ғалымға Математика институты 1 миллион сыйақы берді. Бірақ Григорий Перельман одан бас тартты. Сондағы айтқаны...
«Маған ешнәрсенің керегі жоқ. Барлығы жетеді. Математиканың батыры емеспін. Мен хайуанаттар бағындағы темір тордың ішінде отырған жануарлар секілді бүкіл әлемнің көз алдында болғым келмейді».
Журналистер бір миллион доллардан бас тартқан Перельманның үйіне кіргенде математиктің тарақан жайлаған бөлмеде жұмыс істеп отырғанын көрген. Міне, данышпандарға терең ақыл мен сана бергенмен, олар екінші жағынан осылай қолайсыз тұрмыстық жағдайда өмір сүре береді. Өкінішті. Жалпы, Штерннің ақылдылық өлшемі қаншалықты ақиқатқа жақын? Бұл енді бөлек әңгіме. Десек те, ғалымдар еркек пен әйелдің өре өлшемі деңгейінде қашықтық шамалы екендігін айтады. Олардың есептеуінше, айырмашылық 1,7 балл деңгейінде ғана. ...Ақылды болайық!

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ,
«Қалам мен ғалам».
28 маусым 2020 ж. 709 0