№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » » Ашуың келсе ақылдан адаспа!

Ашуың келсе ақылдан адаспа!

Ашуға берілу – адам бойында кезедесетін зиянды да күрделі құбылыстардың бірі. Оған ерік берген адам «Ақыры не болар екен?» деп қаперіне ілмейді. Өйткені не болатынын білмейді.
 
Шын мәнінде, адам баласын әртүрлі әрекеттерге жетелейтін күш – ниет. Кейде адамның іс-әрекеті мен ішкі дүниесі, яғни ниеті үйлеспей жатады. Өйткені, өмірдің тәттісімен қоса ащысы, қызығымен қоса қайғысы бірге жүреді. Осы кезеңде бойдағы бар күш-қуатты жиып, сабыр сақтап, тағдырға налымау – иман кемелдігінің белгісі. Демек, тағдырдың жіберген ауыр сынын ризашылықпен қабылдау керек. Ондай ауыр сынға сабыр ете білудің қандай болатындығын үйреткен де АллаҺ Елшісінің (с.а.у.) өзі болатын.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) Хадис шарифінде айтты: «Естеріңізде болсын! Сіздердің ең күштілеріңіздің кім екенін айтайын ба? Ашуы келген уақытында өзін ұстай білгені».
Ашу – көптеген зиянды істерге себеп болатын нашар әдеттердің бірі. Ашулы кісі сондай өзінің не істеп жүргенін білмейді, бірақ сол ісі басқалардан бөлек өзіне де, жақындарына да, достарына да зиянын тигізеді.
Әбу Хурайра (р.а.) Расулуллаһтан с.а.у риуаят етіп айтады: «Бір кісі Расулуллаһқа келіп, маған өсиет айтыңыз дегенде Расулуллаһ «ашуланба» – деп өсиет айтты. Ол кісі сол сөзді бірнеше мәрте қайталаса да Расулуллаһ әрбіріне «ашуланба» деп жауап берді. Сонымен қатар, Әбу Һурайрадан жеткен бір хадисте: «Күштілік күресте анықталмайды. Нағыз қүшті – ашуланғанда ашуын баса білген адам», – дейді. Күштіліктің негізгі өлшемі – сабырлық пен төзімділік.
Адам жаны мен тәнін қатар қолға алып тәрбиелемесе, сабырлылық пен шыдамдылықты, ұстамдылық пен байсалдылықты, төзімділік пен мойынсұнушылықты үйрене алмайды. Кішкене бір қиындыққа тап болса салы суға кетіп, ұнжығасы түсіп, шыдамсыздыққа салынады. Үмітсіздікке беріліп, әркімге бір жалтақтап бейшара күй кешеді. Шындығына келгенде, адамгершіліктің де, ғылым-білім, жақсы амал, жаратылысты танудың да бастауы да – осы сабыр.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір хадисінде: «Кімде-кім тіленуден сақтанса, Аллаһ оны арлы етеді. Кімде-кім елге зәрулік танытпаса, Аллаһ оның күнін ешкімге қаратпайды. Кім сабырлы болуға тырысса, Аллаһ оны сабырлы етеді. Адам баласына сабырдан үлкен әрі қайырлы нәрсе берілмеген», – дейді. Осы арқылы мұсылман қауымды шүкіршілік пен сабырлылыққа тәрбиелей отырып, жақсылық пен жамандыққа тап болғанда ұстамдылық танытудың аясын айқындап береді. Пайғамбар(с.а.у) айтты: «- Кім мұсылмандарды жамандаудан тілін тыйса, Алла тағала қиямет күнінде оның қателерерін кешіреді. Кім ашуын жеңсе, Алла тағала қиямет күні оған болатын ашуынан құтқарады.
Адамдағы сабырлық қасиеті барлық қиындық атаулыға төтеп беруге, барлық ауыртпалықтарды жеңуге жеткілікті. Кісі тағатсыздық танытып, сабырсыздыққа салынған сайын қиындыққа төзу қабілеті азая түседі. «Ашу оттың ұшқыны»деген жақсы сөз бар. Егер, емделіп жүрген науқасқа дәрігер он күн бойы тамақ ішпеу керектігін айтса, өз денсаулығын ойлаған әлгі науқас қайтсе де оған шыдайды. Демек, адам бойындағы сабыр мен төзімнің күші зор. Алайда, шыдамсыздық пен тағатсыздық салдарынан көп адам қиындыққа шыдас бермей, соңында нәпсінің ығына жығылып жатады.
Кісінің ақылының толықтығына, сабырлы кісілердің дәрежесіне жеткендігіне дәлел – ашуы келген уақытта өзін-өзі ұстай білуі. Хазіреті Әли ибн Әбу Тәліп бір сөзінде: «Батыр соғыста білінеді, һалим (жұмсақ) кісі ашу үстінде білінеді, дос қиыншылықта білінеді» – деген.
Расулуллаһ (с.а.у.) Хадис шәрифінде: «Кім өш алуға шамасы жетіп тұрып ашуын басса, Аллаһ Тағала оның қалыбын қиямет күні өзінің ризалығымен толтырады» – деген.
Алла Тағаланың ризалығына жету бұл дүниенің қиыншылығына сабыр қылумен ғана болады. Жаратқанның пенделері әр уақытта өздерінің істеген істерімен, сөйлеген сөздерімен кейінгілерге үлгі болып, өнеге көрсетіп отырған. Үш нәрсе жаннаттықтардың мінездерінен: саған зұлымдық істеген адамды кешіру,саған ешнәрсе бермеген адамға беру және саған жамандық істеген адамға жақсылық істеу.
Алла Тағала айтты: (Ей,Мұхаммад) кешірімді болыңыз,жақсылыққа бұйырыңыз және надандардан бет бұрыңыз,(Аьраф,с.199)
Омар ибн Абдулазиз өзінің ашуын келтірген бір кісіге айтты:«Егер сен менің ашуымды келтірмегеніңде мен сені жазалар едім». Сонда бұл кісі Аллаһ Тағаланың «..және ашуын жұтады» (Ал-Имран – 134) – деген сөзін нұсқап айтқан еді.
Расулуллаһ (с.а.у.) Хадис шарифінде айтты: «Кімде үш қасиет болмаса, иманның дәмін білмейді:
1.Білімсіздің білімсіздігіне жауап беретін жұмсақтығы;
2.Харамнан сақтанатын тақуалығы;
3.Адамдармен араласатын жақсы мінез-құлқы».
Бұл Хадис-шарифтен белгілі болғанындай, момын кісі мүләйім сабырлы болуы керек. Аллаһ Тағала мүләйім сабырлы кісіні өз Кітабында мақтаған.
«Кім сабыр қылса және кешіріп жіберсе» яғни кім өзіне қылынған зұлымдыққа сабыр қылса, өш алмай Алла ризашылығы үшін кешіріп жіберсе, «Еш күмәнсіз бұл ұлық істерден» (Шура – 43).
Халифа Омар ибн Абдулазиз бір масты көрген еді. Оны арақ ішкендігі үшін жазаламақшы болса, ол мас бұл кісіні балағаттайды. Балағаттап жатқан уақытында Омар қайтып кетеді. Кейін:«- Ей, момындардың әмірі, сізді балағаттап жатқанда не үшін оны тастап кеттіңіз?» – дегенде Омар: «- Ол менің ашуымды келтірді, сол уақытта оны жазалағанымда, нәпсімнің азабы үшін болар еді, өзімнің нәпсім үшін  кісіні жазалауды қаламаймын»,- деді.
Басқа аятта:«Жақсылық пен жамандық пара-пар болмайды» – деген. Яғни, жақсы сөз бен жаман сөз пара-пар болмайды.
Уаһаб ибн Мунаббаһ: «Бәни Исраил қауымында бір абыд бар еді. Шайтан оны азғыра алмағаннан кейін, оған адам баласын қалай адастыратынын»- айтты.
«Егер сараң болса, малын көзіне аз көрсетеміз. Малындағы ақысын бергізбей адамдардың малына көз салғызамыз. Егер өз нәпсісіне ерген, ашуына ерік берген болса, оны балалардың қолындағы доп сияқты ойнатамыз. Егер мас болса, барлық жамандыққа апаратын, қойды құлағынан ұстап, қалаған жағына жетектегендей».
Шайтан Мұса (а.с.)-ға: саған үш нәрсені айтамын, осы үш жерде мені есіңе ал:
1) Ашуың келгенде мені есіңе ал. Себебі мен сенің қалыбыңдамын және қан жүргендей денеңде жүремін;
2) Дұшпаныңды тастап қашқанда мені есіңе ал. Себебі мен адам баласы дұшпанына жолыққан уақытта келемін және оған әйелін, малын, балаларын есіне саламын;
3) Бөтен әйелмен оңаша отырудан сақтан. Себебі мен сенің оған оның саған елшісі боламын.
Әбу Һурайра айтады: «Бір кісі Әбу Бәкір Сыддықты сөккен уақытта Пайғамбарымыз (с.а.у) отырған еді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) да Әбу Бәкір де үндемей отырған еді. Әлгі адам Әбу Бәкірді сөгуді тоқтатқаннан кейін, Әбу Бәкір оған сөйлеп қалды. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.у) орындарынан тұрып кетті. Әбу Бәкір Сыддық ол кісіні тауып: Ей Алланың Елшісі мені сөккенде отырған едіңіз, мен сөйлегенде не үшін тұрып кеттіңіз?» – деп сұрады.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) айтты: «Ол сізді сөгіп тұрған уақытында, періште оған жауап қайтарып тұрған еді. Сол уақытта отырған едім, кейін сіз оған сөйледіңіз, періште кетті, періштенің орнына шайтан отырды. Мен шайтан отырған жайда отыруды өзіме жаман деп білдім, ол жерден кеттім» деді және бір хадисте  Пайғамбарымыз (с.а.у.) айтты:«Біреуден зұлымдық көрген кісі зұлымдық көрсеткен кісіні Алланың разылығы үшін кешірсе, Аллаһ Тағала сол кешіргендігі үшін оның құрметін жоғары қылып қояды»,- деген. Кешірімділік пен  мейірімділікті Алла баршамызға нәсіп етсін!
 
А.Абдулкамал – Түркістан облысы Арыс қаласының  бас имамы
23 маусым 2020 ж. 580 0