Ұлық ұлыстың құпиясы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы 2020 жылдың басында Ұлытауға барып, «Алтын Орданың 750 жылдық мерейтойын» атап өтуге пәрмен берді. Президенттің тарихқа деген үлкен ықыласынан кейін Жошы хан дәуіріндегі тарихи жылнамалар зерттеліп, бұрын-соңды айтылмаған мәліметтер жариялана бастады. Ғалымдар Ұлық Ұлыс – Алтын Орда Еуразия даласындағы алып империя болғанын, адамзат қауымдастығына оразан зор ықпал еткенін айта бастады. Ең бастысы, алып империяның заңды мұрагері екенімізді сөз етуде.
Ұлық ұлыс ұрпағы кім?
«Алтын Орда» термині туралы түрлі деректер бар. Оның ішінде шығыс ғұламасы Рашид ад-Диннің қолжазбасында Шыңғыс ханның 1224 жылы Орта Азиядан Моңғолияға оралуы жайында айта келіп, ол Бұқа Сижигу деген жерге келіп, Урду-и заррин-и бузург, яни «Үлкен немесе Ұлы Алтын Орданы тігуге» бұйырғаны жазылған. Құрамында сансыз ұлыстар мен тайпалар одақтасқандықтан «Ұлық Ұлыс» деп аталды. Алтын Орда бөренелері алтыннан, ішіне мың адам еркін сыйған деседі.
Алтын Орда тарихын зерттеп жүрген ғалым Берекет Кәрібаев жуырда ғана елді елең еткізген мақаласын жариялады. Ғылыми мақалада «Алтын Орданың тікелей мұрагеріміз деп үш халық айта алады. Бірінші этнос – мемлекет бола алмаған Қырым татарлары, екіншісі – Мәскеудегі бағынышты Казан татарлары, үшіншісі – Тәуелсіз қазақ елі. Қазақстан мемлекеті Ақ Орда арқылы Алтын Орданың тікелей заңды мұрагері» дейді ғалым.
Тарихта ұлт сабақтастығы деген ұғым бар. Бұл басқару жүйесі әулеттің билігінде болуы, айналып келгенде Шыңғыс ханнан, Жошыдан тарайды. Осы тұрғыдан да қазақ ұлты Жошының мұрагері деуге негіз бар. Ұлан ғайыр атырапты мекен еткен елдің астаналары туралы да тарихшылар арасында тартыс бар. Батый билікке келгенде Сарай салдырады. Содан бастап Батый мен Қарақорым арасында қайшылықтар болып, Батый мен Берке де бірде-бір рет барып, ант бермейді. Бұл шамамен 1241-1242 жылдары Алтын Орданың жеке мемлекет болуымен сабақтасады. Алтын Орда билігіне Тоқтамыс хан келгенде қала өркендеп, сауда саттық дамып, қолөнер бұйымдарына сұраныс артқан.
Тоқтамыстың түрік сұлтандарына жазған хаттарынан елдің Америка штаттары секілді алпауыт мемлекет болғанын аңғарасыз. Сұлтандарға салық төлетудегі тәсілдері, батырлар мен құлдар сыйға тартуы, күңдерді сату мен сатып алу секілді істерде Алтын Ордамен мәмлеге келуі де айбынды ел екенін білдірді.
Тарих ғылымдарының докторы Берекет Кәрібаев «Сарайшық – Алтын Орданың астанасы болмаған» десе, тарих ғылымдарының докторы Оразкүл Мұхитова «Сарайшық – Алтын орданың астаналарының бірі болған» деп тұжырымдайды. Әйтсе де Алтын Орда тарихта болғаны әрі ірі мемлекет болғаны рас.
Алтын Орда алпауыт империя болғаны рас па?
Әлемге әйгілі саяхаттанушы Лев Гумилевтің пайымдауынша, тарихта еуразиялық сипаттағы бірнеше империя болған. Олар – Түркі тайпаларынан құралған Түркі қағандықтары, Моңғол империясы, оның жалғасы ретінде тарихта ойып орын алған Алтын Орда империясы. Қазіргі АҚШ мемлекетінің жер көлемінен біршама үлкен аумақты Алтын Орда жайлаған. Тұтас еуразияны қанатының астына алды деген де мәлімет бар.
Тарихқа зер салсақ, 1269 жылы әлемге әйгілі Талас құрылтайы болған. Нақтырақ айтсақ, құрылтайға дейін Құбылай хан мен Арықбұға арасында билікке талас жүрген. Оны Шағатай ұрпақтары арашалап, бір мәмлеге келу үшін құрылтай ұйымдастырған.
Құрылтайда Беркенің інісі Беркежар туыстарына дәнекер болып, «Атамыз Шыңғыс қаған бізге қаншама жерді алапат соғыспен алып берді. Әкелеріміз оның ісін жалғастырып, бізге мирас етті. Енді әркім өз жерін бөліп алып, тыныштықты сақтап, өз билігін жүргізсін» деп тоқтау салады.
Осы тұста бес мемлекет пайда болады. Тарқатсақ, Қытайды Құбылай, Иранды Хулағу, Мауреннахрды Шағатай, Үгедейдің немересі Хайдудың иелігіне Дешті Қыпшақ тиесілі болды. Осы бес ұлыс «Ұлық Ұлыс» деп аталып, бауырлас мемлекеттердің қарым-қатынасы заңдатырылды.
Осы бес ұлыстың арасында нағыз мұрагері біз болсақ та, татарлардан кейін тарихқа үңілдік. Олардың зерттеу жұмысына қарағанда қазақ тарихшылары көп артта келетіні жасырын емес. Татарстанның тұңғыш президенті Мінтемір Шәймиевтің бастамасымен Маржани атындағы ғылыми-зерттеу институты жанынан Алтын Орданы зерттейтін орталық ашқан. Мұнда тұтас Алтын Орда тарихы жайында дерек көздері сақталған. Әрі ғалымдарды ғылыми жаңалық ашу жолы да қарастырылған. Рессей 1823 жылдан бастап, Алтын Орданы түпкілікті зерттеуге кіріскен. Ең сапалы ғылыми жұмысқа 10 мың рублъ грант бөлді. Бұл қаражат ол кезде өте ірі көлемде болғаны сөзсіз.
Сыр бойындағы Сығанақ, Сауран секілді қалалар сол кездегі өркениеттен хабар беретін тарихи таптырмас жәдігер. Алтын Орда дәуірінде гүлденген қалалардың архитектурасынан-ақ, Алтын Орданың айбарын сеземіз.
Мақпал МАРҚАБАЙ