» » Вирус жолындағыны жоятын қуатты күш

Вирус жолындағыны жоятын қуатты күш

Адамзат тарихындағы соғыстарды зерделесеңіз, вирустарды соғыс құралы ретінде жиі қолданғанына көзіңіз жетеді. Иә адамзат биоқаруды ерте кезеңдерде соғыс құралы ретінде қолдануға тырысты.

Биологиялық қаруды іс жүзінде қолдану туралы алғашқы деректі рим тарихшысы Корнелиус Непоттың (б.з.д. 99 жылға дейін) естеліктерінде кездеседі. Карфагендік генерал Ганнибал Барака әскери айла-амалдар арқылы Пергамон патшасы Эуменді жеңеді. Қалай дейсіз ғой! Ганнибал улы жыландарды әскери мақсатта қолданады.
ХІV ғасырда Еуразия құрлығындағы алып империя – Ұлық Ұлыс (Алтын Орда) обаның салдарынан құлдырап, бөлшектеніп, ұсақ хандықтарға бөлінгені белгілі. ХVІІІ ғасырда Америкаға барған отарлаушы еуропалықтар ондағы үндіс тайпаларына шешек аруын түрлі жолдармен жұқтырады. Нақтысын айтқанда, 1763 жылы Питт фортын қоршауға алған үндістерге шешек патогенін жұқтырған көрпе жіберіп, індеттің тарауына себеп болады.
1918 жылы АҚШ әскери базасында асханашы Альберт Гитчелл ауруханаға белгісіз аурумен түседі. Жеті-сегіз минутта синдромы ұқсас аурумен жүздеген солдат келеді. 18 айда «Испанка» атауымен белгілі болған вирустан жер бетіндегі адамның 5 проценті опат болады.
01 сәуір 2020 ж. 561 0