№96 (8807) 3

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (8806) 30

30 қараша 2024 ж.

№94 (8805) 26

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » ТҰРАҚТЫЛЫҚ – ТАТУЛЫҚТЫҢ ТЕҢДЕУІ

ТҰРАҚТЫЛЫҚ – ТАТУЛЫҚТЫҢ ТЕҢДЕУІ


Жастар төл сенімінде берік тұрса, сырттан келетін рухани басқыншылыққа тегеурінді түрде төтеп берері айқын. Ары қарай, ұлттық болмысын, қазақы ұстанымын қаймағын бұзбай келесі буынға жеткізері сөзсіз. Өкінішке орай, бүгінде жат ағымның жетегінде кетіп адасқандар бүгінгі қоғамның айықпас бір дертіне айналды. Сан ғасырдан бері санамызда қалыптасқан ата-баба дәстүрін адасушылық деп танитын ұстанымдағылар ұлт тағдырына көлеңке түсіруде. Осы орайда, діни ахуал мен осы бағытта атқарылып жатқан ілкімді жұмыстар легін білмек мақсатта облыстық дін мәселелерін зерттеу орталығының ауданындағы теолог маманы Шоқан Айдаровты сөзге тартқан едік.  

«Алғаш Тәуелсіздікке қол жеткізген жылдары жұртшылықтың ой-санасында әлеуметтік мәселелер бірінші кезекке шығып, рухани құндылықтардың кешеуілдегені баршаға аян. Қоғамда пайда болған осы рухани бостықтың орнын басқа елдерден келген әр түрлі діни экстремистік идеялар толтыруға тырысып бақты» – деп, сөзін бастады теолог маман.
 – Сондай-ақ, елдегі дінисенім бостандығы туралы заңның әлсіздігін пайдаланған шетелдік миссионерлер тамырын жайып үлгерді. Қанатын кеңге жая бастаған дәстүрлі емес діндердің саны күн сайын артып, атынан да, санынан да адам шатасатындай халге жетті. «Вайшнавтар», «Бахаи» сенімі, «Бірлестік шіркеуі», «Иегова куәгерлері» «Соңғы өсиет шіркеуі», «Кришнаны тану қоғамы», «Саентология» шіркеуі, «Жаңа аспан», «Жаңа өмір шіркеуі», «Хизбут тахрир», «Таблиғи жамағаты», «Уахабилік»  сынды ағымдардың атын тізе берсек тізіле береді. Көпшілікке жарияланбай, жасырын жүргені қаншама – дейді Ш.Айдаров. 
Осы орайда, «Адамдар неліктен өз өмірлеріне өздері балта шауып, бұл жолдың құрбаны болады?» деген сауал қойдық теологқа. Дінтанушы маманның айтуынша, мұндай жолға қоғамда өз орнын таппай, жұмыссыз жүріп, психологиялық дертке ұшыраған, отбасында өзіндік орны жоқ, дұрыс діни ақпарат алмаған жандар және порталдағы пасық пиғылды ұстанымдағылардың шырмауына ілінгендер ұрынады, – деді ол.
Өз кезегінде Ш.Айдаров қоғамдағы өзекті мәселелерге де тоқталды. Яғни, ағымға ерген азаматтардың ел арасында іріткі салуын былайша жеткізді:
– Сәбиін тиісті медициналық тіркеуден өткізуден бас тарту. Екпе егуге тыйым салу. Музыка тыңдау – харам деп мемлекеттік Әнұранды тыңдамау, кеудеге қол қоймау. Туға құрмет көрсетпеу. Отан қорғаудан қашып, әскери борышты өтемеу дұрыс деген теріс пиғылдағы ұстанымдағылардың ұлттық әдет-ғұрып, салт-санаға қарсы шығуының айғағы. Дәстүрлі емес діни ағымдар ең алдымен, пайдакүнемдік мақсатқа, мемелекеттік құрылымды әлсіретуге және қоғамды тұрақсыздандыруға бағытталған ислам ілімін бұрмалайтын саяси қозғалыс екенін түсіну керек. Радикалдық ұйымдар геосаяси күрестің сыналған құралы болып табылатыны мәлім. Жалған ағымдардың идеялары арқылы санаулы айлар ішінде тұрақты мемлекетті азаматтық соғыстың алаңына айналу мүмкін екендігіне Ливия, Сирия, Египет сияқты мемлекеттің қайғылы жағдайы дәлел. 
Айта кету керек, жат пиғылды ағымдардың жетегінде кеткен адамдардың қоғамға қайта оралуы өте қиын. Десе де, қол қусырып қарап отырсақ, індетімізді асқындырып, бармақ тістеп қаларымыз түсінікті.
Бұл бағытта қандай алдын алу шараларын жүргізіп жатқандығын сұрадық. Дінтанушы маман алғашқы кезекте облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы облыстық ішкі саясат басқармасы жанынан деструктивті ағымдардан зардап шеккен азаматтарға көмек көрсету бағытындағы дін мәселелерін зерттеу орталығын құруға ықпал еткендігін тілге тиек етті.  Білуімізше, бұл орталық білікті тәжірибелі дінтанушы және теологтармен қамтылып екі жылдан бері тыңғылықты жұмыс атқарып келеді.  
– Бұл бағытта еліміз бойынша «Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған» мемлекеттік  бағдарлама жасалынып, оның нәтижесінде құрамында білікті теолог, дінтанушы мамандардың қатысуымен республикалық, облыстық, аудандық ақпараттық насихат топтары өздерінің үгіт-насихатын тұрғындар арасында қарқынды жүргізуде.  Біз де өз тарапымыздан аудандағы мектептер мен колледжде тұрақты насихат жұмыстарын жолға қойдық.  Яғни, студенттер мен оқушылар арасында діни экстремизм мен терроризмнің, кереғар ағымдар мен секталардың зиянды іс-әрекеттері туралы түсіндірме жұмысын жүргізіп, жастарды олардың ықпалынан қорғау мақсатында кездесулер өткізудеміз, – дейді сөзін түйіндеген Ш.Айдаров.
Түйіндей айтқанда, дін - мемлекеттің негізін құраушы ең маңызды фактордың бірі болғандықтан, ішкі тұрақтылықтың да кепілі. Елдегі ортақ ауызбіршілік, елжандылық, адамды сүю, бейбітшілік пен тыныштық – дәстүрлі діндерінің басты ұстанымы. Ал, ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін жат ағымдардан бойды аулақ ұстап, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелегеннен ұтпасақ, ұтылмасымыз айқын.
Әбдісамат ӘБДІШ.
12 қаңтар 2018 ж. 1 288 0