№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » 2007-2017 ЖЫЛ: АУДАН СПОРТШЫЛАРЫНЫҢ БИІГІ

2007-2017 ЖЫЛ: АУДАН СПОРТШЫЛАРЫНЫҢ БИІГІ

       
10 жыл ішінде аудан спортшылары қандай биікке жетті? Бүгін біз осыны қысқаша шолып өтсек.

Алдымен, спорттың шыңы саналатын Олимпиада ойындарына тоқталайық. 2008 жылы Бейжің, 2012 жылы Лондон және 2016 жылы Рио төрінде өткен жазғы Олимпиада ойындарына жаңақорғандық үш балуан қатыстып, бозкілемде белдесті. Бұл аудандағы еркін күрес мектебінің беделі. Үш балуаннан бөлек ізін жалғап келе жатқан жастар да ел және Азия құрлығында мықты екендерін дәлелдеп үлгерді. Тіпті, Әлем чемпионатында еңсеміз көтеріліп, жүлде де алдық. Сондай-ақ, ауыр атлет Алмас Өтешов та Жаңақорған тумасы екенін ұмытпайық.
        Келесі ала доп аламаны да бізге жат болмады. Облыстық біріншілікте ауданның «Сығанақ» футболшылары бірінші орыннан түспеді. Бұл да жас буынға үлгі боларлықбелес.
Келесі кезекте белбеу күрестің бедері. Иә, Қазақстан, Азия біріншіліктерінде алтын, күміспен күптелдік. Ал, Әлем чемпионатында белбеу күресінен еңсеміз тіктелді. Әсіресе, былтыр білекті ұлдар мен бұрымдылар күміс, қоланы еншімізге сыйлады. Бұл да аудан спортының абыройы. Бұдан бөлек, волейбол, таеквандо, баскетбол, гандбол, шахмат, ұлттық ойындар мен бокстан жеткен жетістік жетерлік.
        Қорыта айтқанда, айналдырған 10 жылдың ішінде Жаңақорғанда спорт қарқыны қатты дамып келеді. осы меже әлі де ілгерілеуі керек.
12 қаңтар 2018 ж. 1 465 0