№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Әке аманатына адалдық

Әке аманатына адалдық


Әулиелігімен мәшһүр Айқожа ишан жастайынан сауатын ашуға ынтық болады. Сол мақсатта Жібек жолы бойымен үздіксіз өтіл жататын керуеншілерге ілесіп, Ташкентке жетеді. Керуенбасы оның елгезек білімге құштарлық қасиетіне риза болып Ташкенттегі медресенің біріне тапсырып кетеді. Оны бітірген соң Айқожа оқуын Бұхарада жалғастырады. Зерек шәкіртінің ерекше қабілет-қарымын сезген ұстазы оны, білімін одан әрі жетілдіру үшін Ауғанстанға бірге сапар шегіп, атақты ғұлама Ислам Шайхтың қарамағында болып, төрт жылдай білім алады.
Ғұлама Ислам Шайх өзі оқытып, тәрбиелеп жатқан шәкіртінің өзгеге ұқсамайтын өзгеше қасиетін, ерекше бір тылсым күш барын, оған қоса көріпкелділігін аңғарады. Бірде Ислам Шайх шәкірттерін сынамақ болып өзінің алдына шақырады. Шәкірттерінің бірқатары Ислам Шайхтың алдына кідірмей кіріп барады, сол кезде Айқожа болса табалдырықтан аттамай есіктің алдында тұрып қалады. Ұстазы Ислам Шайх себебін сұрағанда, Айқожа: «Мына табалдырықтың астындағы қасиетті затты басып өтіп, қалай күнахар боламын? Соны алдырып тастаңыз. Сосын өтемін» – дейді. Сөйтсе, Ислам Шайх шәкірттерін сынау үшін табалдырықтың астына білдірмей Құран кітапты жасырған екен. Осы сынақтан соң ұстазы Айқожаның көріпкелдігіне таң қалған көрінеді.
Біз әріден қозғап, сөз етіп отырған Айқожа ишанның Сыр бойына ислам дінін насихаттаушылардың бірі екендігіне көз жеткіземіз. Айқожа ишан­ның 11 баласынан тараған ұрпақтың сол дәуірде де, бүгінгі кезеңдерде де имандылық пен дін исламды насихаттап, елдің бірлігі мен ортақ тірлігіне, ағайынның татулығына ұйытқы болып жүргеніне күмән жоқ.
Бүгін әңгімемізге өзек еткелі тұрған Хайрулла Таждинов Айқожа ишанның ұлы Жұмаділла атасынан тараған ұрпақтың бірі. Айқожа ишанның шаруашылық ісін Жұмаділла басқарса, оның ұлы Жақып та кезінде болыс болған. Ал Хайрулланың әкесі Таждин басқарма қызметін атқарып жүріп, Жетісай ауданындағы Киров каналын қазу жұмысына қатысты. ХХ ғасырдағы аштық пен қуғын-сүргін кезінде ишанның ұрпағы ретінде ауыр тауқыметпен бетпе-бет келді. Сосын екінші дүние жүзілік соғысқа араласып, сонда қаза болды.
Хайрулла имамдар әулетінен тараған Таждиннен қалған ұрпақтың бірі. Ол Ақтас елді мекенінде дүниеге келді. 1945 жылғы аумалы-төкпелі заманына байланысты отбасымен Өзбекстанда тұруға тура келеді. Туған жерге жеңістен соң бір топ ағайындармен бірге көшіп келіп, қазіргі Манап ауылына тұрақтайды. Осында оқып білім алады. Бала жасынан елгезек, сәйгүлік десе жеген асын жерге қоятын Хайролла атшабар бала атанады. Ауыл аралап көкпар шабатын. Оны білетіндер «Хайролла көкпарды өзгелердей емес ат үстінде тік тұрып шабатын еді» – деп еске алады. Бұл да болса ер мінезді жігітке тән қасиет болатын. Десе де әкенің үміті мен сеніміне селкеу түсірмейтін еді. Оны өзі мақтан тұтып өзгелерге «Менің осы ісім қалай?» – дейтін іштен. Оның тағы бір қасиеті көпшілдігі еді. Кез-келген адаммен тіл табысып кететін. Әзіл-қалжыны бір жүретін.

1957-1960 жылдары Хайрекең Қазалыдағы мал дәрігерлерін дайындайтын техникумын бітіреді. Келісімен ауданның екі бірдей шаруашылығында мал дәрігері қызметін атқарады. Әрине ол кездерде шаруашылықтың әрқайсысында мыңдаған мал болатын. Оны мезгіл-мезгіл емдеп, ауруға қарсы екпе егу үлкен іскерлікті қажет ететін. Қиыны мен қызығын бірге көріп көп тәжірибе жинақтады. Айтулы маман атанып, жоғары ұйымдардың назарына ілікті. Содан 1967-жылы аудандық Совет атқару комитетіне инструктор қызметіне шақырылып, онда 1970 жылға дейін еңбек етіп, сол жылдың күзінде аудандағы ерікті өрт сөндіру мекемесінің бастығына ауыстырылады. 1976-1992 жылдары Жаңақорған аудандық «Трансагентство» мекемесінде басшылық қызмет атқарып, осында жүріп зейнет демалысына шығады. Еңбек жолында Хайролла талай рет салалық, аудандық Советтің грамотасына, марапатына ие болады.

Хайролланың жұбайы бүгінде 80-ді алқымдап қалған «Батыр ана» Бибайым Садуақасова болса бүкіл ғұмырын Кеңес өкіметі кезінде аудандық «Коммунизм жолы» (Қазіргі «Жаңақорған тынысы») газетінің баспаханасында әріп теруші боп жұмыс жасады. Әрине ол кездегі газет шығару, оны дайындау, әріптерін теру, басу – бәрі де қарабайыр қолмен атқарылатын. Бүгінгідей техниканың жетілмеген кезі. Аптасына үш рет шығатын газет үшін әріп терушілер мен газет басушылар түннің бір уақытына дейін жүріп газетті шығарып барып тыныстайтын. Қат-қат бейнеті басынан өткерген Бибайым бүгінде, еңбектің зейнетін көріп, ұл-қызы мен немере, шөберелерінің бақытына бөленіп отырған ардақты ана. Ұл-қызының от-басын құрып, әжетке жараған осы бір бақыты шағын көре алмай өмірден өткен Хайролладан қалған ұрпақтарының жетістігі мен қуанышы кәрі көңліне медеу. Анаға бұдан өзге не керек?
Ойлап отырса жолдасының соңында қалған 3 ұл мен 6 қыз әке тәрбиесінен соң ананың жылы алақанында жетілді, ер жетіпті. Қазірде балалары мен қыздары бір-бір отаудың иелері. Түтінін түзу түтеткен бақытты отбастары. Мәселен Әділмырза №110 мектеп лицедің директоры. Інісі Ұланбекте аға жолын қуған №163 мектепте мұғалім болса, Бағдаулет аудандық музейдің ғылыми-қызметкері болып жұмыс жасайды. Қыздары болса әр салада өздері қалаған мамандықтары бойынша ел үшін еңбек етіп, ұрпақ парызын өтеп келеді. Әрине Бибайым үшін әрбаланың орны бөлек, әрбірінің ісіне іштей тілек тілеп, әкеге лайық ұл-қыз болып өскеніне марқайып қуанады. Әсіресе олардан өрбіген 20-шақты немеренің қызығы мен қылығы қартайған жүректің жұбанышына айналып, мерейін тасыта түсетіндей. Бибайымның ендігі тілегі де, арманы да елдің тыныштығы мен ұрпағының амандығы мен саулығы. Анаға бұдан өзге бақыт болсын ба?
Иә, «орында бар оңалар» «аттұяғын тай басар» дегендей Хайролланың отын өшірмей отырған Бибайым, оның ұлдары мен қыздары. Имандылықтың белгісін танытып үнемі әкесіне Құран бағыштап отырады. Олда болса тірінің әкеге деген парызы мен қарызының өтеуі болар деген ойдамыз.

Файзулла САХИЕВ,
Журналистер
Одағының мүшесі,
ауданның «Құрметті
азаматы»
27 мамыр 2020 ж. 726 0