№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » АЙҚОЖА ИШАН: ӨНЕГЕСІ МОЛ ДІНИ ТҰЛҒА

АЙҚОЖА ИШАН: ӨНЕГЕСІ МОЛ ДІНИ ТҰЛҒА


АЙҚОЖА ИШАН КЕСЕНЕСІ
ХҮІІІ-ХІХ ғ.ғ. Бесарық стансасынан оңтүстікке қарай 6 шақырымда орналасқан. Айғожа ишан күмбезі – 18-19 ғасырларға жататын сәулет өнерінің ескерткіші. Айғожа бабамыз халыққа білім беріп қана қоймай имандылыққа тәрбиелеген. Күмбездің ауданы 9х9 м, биіктігі 8м, күйдірілген кірпіштен қаланған. Күмбез қазақы ою-өрнекпен безендірілген, 8 қырлы барабанды күмбезге жарық түсетін 4 терезесі бар, маңдайшасын бөренеден қиған. Ішінде сағана түрінде құлпытас қойылып, үстіне арқардың мүйізі қойылған. Кесене республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштері тізіміне алынған. Жағдайы жақсы, Талап а/о әкімдігінің теңгерімінде. 
“Ишан” парсы тілінен аударғанда “олар”, “олардың қайырымдылығы”, “шапағаты” деген мағынаны білдіреді. Яғни бұл оларға құрметпен, ізетпен айтылатын сөз. “Ишан” Орта Азия елдері терминінде “ишон”, “эшон”, “эшен” деп аталып, ол қасиетті және құрметті дін иелеріне берілген титул болған.
Соның ең көрнекті өкілі – Айқожа ишан. Бұл қасиетті жан 1773 жылы Жаңақорған өңірінде дүниеге келген. Есейген соң Ташкент, Бұхара шаһарла-рына барып, медреселік білім алады. Бұдан кейін Ауғанстандағы атақты ғұлама, қара суды теріс ағызатын Ислам Шайхқа барып, оның қолында төрт жылдай Кұлболды, Марал Қосым ишандармен бірге оқып, жоғары білім алады. Содан Құлболды Тереңөзекке, Марал Қармақшыға, Косым Қазалыға, Айқожа Жаңақорғанға ишан болып оралады.
Айқожа ишан Темірұлының зеректігі және білімдарлығымен қоса оның бойында адам сезе бермейтін бір тылсым күштің барлығын ұстазы Ислам Шайх оның оқып жүрген кезінде-ақ білген. Бірде ол шә¬кірттерін сынамаққа өзінің алдына шақыр¬тады. Басқалар ұстаз алдына кідірмей кіріп барғанда, Айқожа табалдырықтан аттамай есіктің алдында тұрып қалады. Дінбасы мұның себебін сұрағанда ол: “Мына табалдырықтың астындағы қасиетті затты басып өте алмай тұрмын. Соны алды¬руыңызды өтінемін”, дейді. Сөйтсе, Ислам Шайх шәкірттерін сынау үшін кіреберіске сездірмей Құран кітабын жасырып қойған екен. Сонда ұстаз да, өзге шәкірттер де Айқожаның көріпкелдігіне таң қалады.
Айқожа ишан Жаңақорған өңірінде халықты сауаттандырумен, діни иман-дылық тәрбиесін берумен айналысқан. Ол кісі Қарасопыда мектеп, медресе ашып ағартушылық қызметін халыққа дарыт¬қан. Бірақ кейін өзінің замандасы Көкен батырдың айтқан сөзіне налып, Қарасопыдан Ақтасқа 30-40 үйін алып көшеді. Сонда өзінің қателігін білген Көкен батыр Сарықамыста көшті қуып жетеді де кешірім сұрайды. Бірақ, көк көзді, ақсары өңді Айқожа ишан кешірім бере тұрып: “Жолға шыққан көштің кері қайтуы әбестік”, – деп жүріп кетеді. Ақтасқа келіп жеткенде ерген жұртқа: “Құдай қаласа, ендігі қонысымыз осы жер бо¬лады”, – дейді. Сонда олар: “Елсіз, сусыз жерді қалай мекен етеміз?” – депті. Мұны ес¬тіген Айқожа ишан қасиетті асасын жерге шан¬шығанда, сол тұстан шы¬мырлап мөлдір су шыға бастайды. Ол әлі күнге дейін “Айқожа ишан бұлағы” деп аталады.
Айқожа ишан 1857 жылы Бесарық стансасы тұсындағы Сарықамыс деген жерде дүние салады. Мәйітін Ақтас әулиенің қасына әкеліп жерлейді. Айқожа ишанның 11 баласы болған. Қазіргі кезде олардан тараған 400-ден аса отбасы бар. Бабаның басындағы күмбезді кесенені, “Айқожа” мешітін (Ақтас мешіті), оның үлкен баласы Ибаділланың басшы¬лығымен Ақтас жеріне салған. Ме¬шіттің шебері Халид деген кісі Бұхарадан алдырылады да кірпішін құюды жергілікті халық өз күшімен атқарған. Кейін, 1884 жылы бұл мешітті Айқожаның немересі Ата мағзұм қайта жаңғыртып қалпына келтірген. Ақтастағы Айқожа ишан мешіті (Ақтас мешіті) Сыр өңіріндегі ірі тарихи ескерткіштердің бірі.
13 наурыз 2018 ж. 2 628 0