№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ТУҒАН ЖЕРІМ – ҚАСИЕТІМ

ТУҒАН ЖЕРІМ – ҚАСИЕТІМ


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы, қазақ жеріндегі ұлттық бірегейлікті қалыптастырудың тәсілі ретінде Қасиетті орындарға деген қызығушылық ХХ ғасырдың 90-жылдың аяғындағы өзінің (Н.Набарбаевтың) «біздің жолымыз – Қожа Ахмет Яссауи жолы», сонымен қатар «біздің өзіміздің толерантты, дәстүрлі қазақ исламымыз» бар ойлардан қуат алатыны сөзсіз. Демек, қасиетті орындар мен киелі жерлер тек діни наным-сенімдерге ғана емес, мемлекеттің ұлттық бірегейлік көзқарасын қалыптастырып, қазақтың салт-дәстүрін дәріптейтін, мәдениетін көрсетуде маңызды рөл атқарады. Яғни, тарихи-мәдени ескерткіштер мен құндылықтардан ұлттық кодтың кілтін табуға болады.
Осы ретте, ұлттық құндылықтың бірегей болмыс-бітімі болып саналатын қасиетті орындарды мағынасына қарай:
– Қазақ елінің тарихына байланысты жер, су, тау-тас, петроглифтер;
– Қазақ даласының мәдениеті, археологиялық орындар;
– Қазақ даласындағы ислам өркениеті, дін таратушылар;
– Ұлттық мәдениет пен білімді насихаттаушы ұлы тұлғалар, ғұламалар;
– Қазақ халқының азаттығы, бостандығы және жері үшін күрескен батыр бабаларымыз, деп топтастыруға болады.
«Қызылорда облыстық мәдени және тарихи ескерткіштер» жинағына, Жаңақорған ауданынан 265 тарихи орындар енген. Қазіргі таңда соның 40-ы ғана есепке алынып, құжатталған. Оның 5-і республикалық, 16-сы жергілікті, 19-ы алдын-ала тіркеу тізіміне еңгізілген.
Солардың бірнешеуіне тоқтала кетсем.

ҚАРАСОПЫ КЕСЕНЕСІ
Өзгеріссіз өз архитектуралық маңызын сақтап тұрған бірден-бір ескерткіш – Мамырайым шайх пен Ыбырайым шайх кесенесі. Кесене ХVІІ-ХІХ ғасырларда салынған. Жобадағы өлшемі 14х9 метр, биіктігі-9 м, үстінде 8 айшығы бар, шағын екі бөлмеден тұрады. Қабір жатқан бөлменің аумағы 12,34 х 8,70 м, қосалқы бөлме аумағы 6,50 х 5, м. Есігі құбылаға қараған, алдында Қарасопының төртқұлақты сағанасы бар. Жаңақорған кентінен 5 шақырым оңтүстік батысында орналасқан. Басында белгі тақтасы бар, сырты қоршалған. Қарасопы Айқожа ишанның шәкірті, әулие кісі болған. Айқожа ишан Қарасопыны көзінің тірісінде Қаражан деп атаған. Желдей есіп жылдам жүретін Қарасопыны Айқожа ишан алыс-шалғайдағы халық арасына дінді уағыздауға және дау-дамайға төрелік жасауға жұмсап отырған. Айқожа ишанның 11 баласының бәрі де білімдар болған. Соның бірі – Мамырайым шайх Қоңырат Алты атаның пірі болған. Кейіннен осы жерге ағайынды Мамырайым шайх пен Ыбырайым шайхқа арнап Қоңырат Алты атаның ұрпақтары күмбезді кесене салған. Бұрынғы басылымдарда Айқожа ишанның баласы Мамырайым шайх пен Ыбырайым шайхтың басына тұрғызылған күмбезді кесенені Қарасопының кесенесі деп осы кезге дейін жаңылыс жазылған. Өткен ғасырдың 30 жылдарындағы діннің аяғын тұсап, қожа-молдалардың соңына шырақ алып түскен қуғын-сүргіннің кезінде, тіпті 1937-1938 жылдары Айқожа ишан ұрпақтарының алды атылып, соңы түрмеге қамалып жатқан кезде кесенені Мамырайым шайх пен Ыбырайым шайхтың кесенесі деп айтуға қорқып, «баяғыда өмірден өткен Қарасопының кесенесі» дей салған.
Қарасопы дүниеден өткен соң оның мәйіті осы жерге қойылған. Қазақстан Республикасының тарихи және мәдени ескерткіштерінің «Қызылорда облысы» бойынша жинағындағы «Қарасопы кесенесі» деген мақалада: кесене Қарасопы деп аталғанмен, бұл жерде Айқожа ишанның балалары Мамырайым, Ыбырайым шайхтар жерленген, ал, Қарасопының өзі кесененің алдында тұрған қарапайым төрт құлақты сағанада жерленген, деп анық жазылған.

СУНАҚАТА КЕСЕНЕСІ
Сунақата бабаның кесенесі Жаңақорған ауданының солтүстік батысында 30 шақырым жерде Батыс Қытай – Батыс Еуропа күре жолының бойында Сунақата ауылының оңтүстігінде орналасқан. Баба ұрпақтары ұйымшылдықпен кірісіп, 12 метр биіктікте кесене орнатып, 1 қараша 1992 жылы бабаға ас берді. Сунақатаның ұраны Қожа Ахмет Иассауи. Түпкі тарихи шығу тегі ҮІІ ғасыр шамасында осы өңірге келген Әбу Бәкір Сыддық ұрпағы.
Тарихқа зер салып қарасақ, ғасырлар бойы зұлмат заманды басынан кешіргенмен, баба рухын аяқ асты етіп таптауға жол бермей, басына шырақ жағып, ғазал айтып, құран оқып күткен шырақшылар аз болған жоқ. Алланың рақымдылығымен қанша ғасырлыр өтсе де, ғұлама Хисамиддин (Сунақ атаның) дәрежесі биіктеп, әулие атағы мұсылман елдеріне жайылуда. Хисамиддин (Сунақ атаның) кесенесі әшекейленіп, тартымды өрнектермен сәнді салыңған. Сонымен бірге қасынан бұрыңғы бұзылған мешіт орнына жаңадан мешіт бой көтеріп, алыстан келген адамдар түнейтін орындар да ескерілген.
Баба ұрпақтары Жаңақорған, Қызылорда, Түркістан, Өзбекстан жерлерінде тұрады. Бабаның кереметтерін келер ұрпақ насихаттай түсер деген сенімдеміз.

АҚТАС МЕШІТІ
Жаңақорған кентінен оңтүстік батысқа қарай 49 шақырым жерде орналасқан, республикалық маңыздағы ескерткіш. Мешіт жерленген әулиенің атымен аталған Ақтас деген жерде орналасқан. Айқожа ишан мешітінің ғимараты 1881 жылы салына бастағанда ел арасындағы дақпырт алып-қашпа сөздер Ақпатша құлағына жағымсыз болып жетеді. Түркістан уалиаты аумағында «Сіздің Сарайдан да биік ғимарат салынып жатыр» деген сөзден соң, Ақпатша ғимарат құрылысын тоқтатуға пәрмен береді. Ғимарат құрылысы екі жыл тоқтап тұрады. Баба ұрпақтары мешіт құрылысын жалғастыруға Ақпатшадан рұқсат алуды жөн санап сапарға шығады. Жолда татарларға жолығып ойларымен бөліседі. Татарлар Ақпатшаның мешітті жалғастыруға келіспейтіндігін ескере келе ойларын өзгертеді. Айқожа мешітінің құрылысын жалғастыруды емес, жаңадан Ақтас атты мешіт салуға рұқсат алуды жөн деп шешеді. Ойлары іске асып келген соң мешіт ғимаратын 1882-1884 жылдары толық бітіріп, мешітті «Ақтас» деп атайды. Айқожа ишанның үлкен ұлы Ибадулла бастап, кіші ұлы Атамағзұм аяқтаған. Ғимарат тікбұрышты күйдірілген кірпіштен тұрғызылған.

СӨЗ СОҢЫНДА. Әрбір өлкенің өз халқына сүйеу болған тұлғалары, аттары ел есінде батырлығымен сақталған бір туар азаматтары мен тау-тасы пана, сайы мен сыры сая болған жер-су аттары жас ұрпақтардың жадында мәңгі сақталуы тиіс. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының да басты идеясы осында...

Набихан ШАЛАПОВ,
аудандық тарихи-өлкетану
музейінің директоры.
15 маусым 2018 ж. 1 596 1

Гость Jeahulalf от 13 наурыз 2019 07:16
Cephalexin Keflex 500 Acquisto Kamagra 25 Mg Kamagra Oral Jelly Sachets cheapest cialis Acheter Cialis Tadalafil En Ligne Canadian Drug Store No Script Keflex Dosin