№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ ҚУАНЫШҚА КЕНЕЛТТІ

ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ ҚУАНЫШҚА КЕНЕЛТТІ

  1 желтоқсан – Тұңғыш Президент күні мерекесінде аудан перзентханасында төрт сәби дүние есігін ашты. Қуанышты хабарды естіген аудан басшысы Ғалым Махмұтбайұлы аудандық перзентханаға арнайы барды. Мерейлі мерекеде ана атанғандарға құтты болсын айтып, тарту-таралғысын табыстады.


– Кез-келген мемлекет үшін ана мен бала амандығы басты құндылық. Сондықтан, сіздердің денсаулықтарыңыздың мықты болып, сәбилердің болашақта азамат болып қалыптасуы маңызды. Бүгін дүние есігін ашқан сәбилердің өмірі мән-мазмұнға толып, келешегі баянды болсын, – деді аудан әкімі.
Бұл күні өмірге келген екі ұл, екі қыз аналарын екінші және үшінші рет ана атану мәртебесіне ие етіп жатса, аққорғандық Айжарық Бексұлтан тұла бойы тұңғышының дәл осы күні өмірге келгеніне қуанышты.
– Бүгін отбасымыз үшін ерекше күн. Көптен күткен қуанышқа кенелдік. Сәби сүю – үлкен бақыт қой! Ең бастысы, баланың аман-есен дүниеге келгені. Туыстарымыз баланың атын Елбасының есіміне ұқсастырып, әрі иманды азамат болсын деген ырыммен Нұрислам деп қойды. Бізді құттықтап арнайы келген аудан әкімі мен бас дәрігерге алғысымыз шексіз, – деді жас ана.
Жаңақорған аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Яхия Шорабаев аналарының да, нәрестелердің де жағдайы жақсы екенін тілге тиек етті. Ал, аға акушер Тұрсынай Сейдеметова аналардың бірнеше күнде үйлеріне шығаратынын айтты.
«Тұңғыш Президент» күні дүниеге келген шараналарға Аятулла, Шахида, Ақниет есімі беріліпті.
Айта кетейік, айтулы күні аналардың аман-есен босанып, аяқ-қолын бауырына алуына аянбай тер төккен ақ халатты абзал жандар Руслан Садықов пен Сәуле Бектұрғанованың және акушер Тұрсынай Сейдеметованың еңбегін атап өткеніміз абзал. Шекесі торсықтай ұл-қыздың болашағы жарқын болуына біз де шын тілектеспіз...

                                                                                                                                             Айсұлу АЛДАНАЗАР.
10 желтоқсан 2018 ж. 1 039 0