№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Мерекедегі 6 шаңырақтың шаттығы

Мерекедегі 6 шаңырақтың шаттығы


Аналар мерекесінде аудандық перзентхана іші шаттыққа толды. Көктемнің шұғылалы күні алты шаңырақ қуанышқа бөленді. Маңдайы торсықтай екі ұл мен төрт қыз дүние есігін ашты. Аналар мерекесі қарсаңында нәрестелі болған нәзік жандыларды құттықтап, жағдайларын білу үшін перзентханаға арнайылап бардық.


Жыл сайын мереке қарсаңында кем дегенде әрбір алты отбасы қуанышқа кенеледі. 2018 жылы да алты нәресте дүниеге келген. Олардың төртеуі ұл, екеуі қыз болатын. Бұл жолы керісінше. Бізді перзентхана алдынан аға акушер Тұрсынай Сейдеметова күтіп алып, жол бастады.
– Аналардың жағдайы бірқалыпты. Керек ем-домдарын уақытылы қабылдап жатыр. Ең бастысы сәбилердің денсаулығы жақсы. Олар қазір акушер Ұлмекен Омаровның бақылауында, – деді аға акушер.
Иә, 35 жыл перзентханада қызмет еткен, тәжірибелі маман акушер Ұлмекеннің қызметін сырттай бақылап, ақ халатты жанның жұмысына көңіліміз толды. Уақыт оздырмай аналарды біз де құттықтап, аз уақыт ішінде тілдесіп үлгердік. Бір қызығы алты ананың екеуі Аққорған ауылдық округінен. Қалған төрт ана Өзгент, Құттықожа мен аудан орталығынан екен.
– Шыны керек, жыл сайын бала туу көрсеткіші бойынша Жаңақорған өзге аудандардан көш ілгері. Шүкір, қазақтың саны көбейіп жатыр. Бүгін босанған алты ананың да жағдайы жақсы. Бір-екі күнде отбасыларына оралады, – деді перзентхана бөлімінің меңгерушісі Сәуле Бектұрғанова.
Қазақ ырымшыл халық қой, ұл туса отбасының тірегі, елдің тұтқасын ұстайтын азамат келді деп қуанады. Ал қыз болса, шаңыраққа шуақ әкелетін, ертеңгі елге ана болатын ұрпағым келді деп қуанған. Есімді де ырымдап, өскенде осы есіміне сай болсын деп азан шақырып қояды. Шадияр, Тұңғышбай, Көзайым, Камила, Інжу және Айкөркем. Бұл шуақты күнде өмірге келген перзенттердің есімі.
– Інжу менің екінші перзентім. Өзім Түгіскеннен келіп тұрмын. Жалпы жағдайымыз жақсы, көп ұзамай үйге шығамыз. Дәрігерлерге аналар атынан алғыс айтамыз, еңбектеріне жеміс тілейміз, көптің алғысын алып жүре берсін, – деді ең жас ана Гаухар Молданазарова.
Аналар мерекесі күні сүйінші сұрап, өз туғандарын жағымды жаңалықпен қуантқандардың бірі – Бесінші мәрте ана атану бақытына ие болған өзгенттік Айнұр Убайдуллаева перзентіне Айкөркем есімін беріпті. Атаулы күнде ана бақыты бұйырған жас аналардың қатарында – Ақбота Зұлпыхар, Әйгерім Ыбырайым, Жансая Жұмабек және Нәзігүл Сәдібекова да бар. Әр шаңырақты шаттыққа бөлеп жатқан бөбектер өскенде елдің еңсе көтерер азаматтары мен ұлттық ұйытқысы, отбасының аяулы қызы болып өссін деген тілек бізде.

Әли ТЕМІРБЕК
11 наурыз 2020 ж. 1 401 0