№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » » Наурыз мейрамының нақыштарын білесіз бе?

Наурыз мейрамының нақыштарын білесіз бе?

Наурыз – ең көне мейрамның бірі. Ғасырлар көшінде мейрамның нақыштары қалыптасып, оның ажырамас бай дәстүрімен ерекшеленді. Сонымен...


  1. ӘЗ – халық аңызында күн мен түннің дәлме-дәл теңелер сәтінде көкті жарып ерекше бір гуіл өтуге тиіс. «Оны қой ғана біледі. Егер күндіз өтсе, қой арқылы қойшы ғана аңғаруы мүмкін» деген сөз бар. Осы гуілді наурыздың 22-сіне дейінгі үш күннің ішінде өтеді деп есептеген халқымыз: «Әз болмай, мәз болмайды», деген тәсіл қалдырған. Сол үш күннің ішінде тырнақ пен шаш алуға болмайды. Әз өткенде өсімдік әлемінен бастап, күллі тіршіліктің тұла бойына, бір тал түгіне дейін жан жүгіреді. Сол жан байқаусызда тырнақ, шашпен бірге қиылып кетсе, адамның қолы мен басы селкілдейтін болады-мыс.
  2. НАУРЫЗ БАТА – наурызға арналып сойылған малдың басы мен жамбасына, ескі жылдың дәмі – сүрленген қазы-қарта , жал-жая... берілетін арнаулы бата.
  3. НАУРЫЗ КӨЖЕ – келер жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде әр шаңырақ міндетті түрде жасайтын арнаулы тағам. Оған кем дегенде, жеті түрлі (бидай, тары, қонақ, бұршақ, сүт, су, тұз сияқты) азықтық заттар қосылуға тиіс. Тақ санын сақтап, тағам түрін көбейте беруге болады. Құрт пен қатықтың қай-қайсысы да сүттің орнын толықтырады. Наурыз көжені халық арасында «тілеу көже», «көп көже» деп те атай береді.
  4. НАУРЫЗ ЖҰМБАҚ – наурыз айындағы жұлдыздардың қозғалысы мен орнына, күн мен түннің теңелуіне, табиғат құбылысына, бұл айдағы амалдар мен ауа райының өзгерісіне байланысты айтылатын жұмбақ өлең.
  5. НАУРЫЗ ТӨЛ – наурыз айында туған бота, құлын, бұзау болса, наурыз төл деп аталады. Осы түлектерге тән төл басы.
  6. НАУРЫЗША – наурыз қырбақ, қарайған жерді жасыра алмай, қылаулап жауған жұқа қар.
  7. НАУРЫЗ ШЕШЕК – наурыз айында гүлдейтін көп жылдық өсімдік. Әсемдік үшін қолдан өсіруге болады.
  8. ОТАМАЛЫ – 15 наурызда кіріп, 17 наурызда шығатын амал. Бұл амалдың жақсылық пен жамандыққа бағынуына қарай халқымыздың: «Отамалы, от алғанша, керегенің басынан шоти алғанша», «отамалы, отамалыдан қалған ата малы», - деп берген мінездеме мәтелі бар.
  9. ҮТ – саңылау, тесіктен үйге түскен күн сәулесінің тозаңдануын – қазақ үт кірді деп есептейді. «Үт кірді, үйге құт кірді» деген қазақ мәтелінде күн нұрының жердегі тіршілікке жасар игі әсерін бейнелейтін үлкен мәні бар.
23 наурыз 2020 ж. 748 0