№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Наурыз көженің дәстүрлік, мерекелік, ұлттық тағылымы өте зор

Наурыз көженің дәстүрлік, мерекелік, ұлттық тағылымы өте зор

22 наурыз мерекесіне ғана тән, көпшілікке арналған тағам. Оны әр үй жеті дәмнен жасап, оған қазы шұжық сияқты сыйлы ет мүшелерін қосып, мерекемен құттықтауға келгендерге ықыласпен ұсынады. Наурыз көженің дәстүрлік, мерекелік, ұлттық тағылымы өте зор. Ол баршаны мейірімділікке, ізгілікке, бірлікке, татулыққа шақырады.

  Түрік халықтарының ұғымында жеті саны қасиетті саналғандықтан Наурыз көжеге жеті дәм қосылады. Ата-бабаларымыздың айтуы бойынша бұл күні Наурыз көжені тойып ішкен адам жыл бойы молшылық пен тоқшылықта болады.
Наурыз көже дайындауда сүрленген ет пен қазы, бидай, ақ және сары жүгері, қатық (немесе айран), тұз және су осылай жеті түрлі дәм қосылады.
  Пісіру кезеңіне келсек алдымен сүрленген етті бөлек пісіріп алады, себебі ет ұзақ піседі, содан кейін ақ және сары жүгеріні бірге қайнатады, ол 30-40 минут уақыт алады. Және бидайды пісіруге жарты сағат уақыт кетеді.
Келесі кезек бидайды пісіру оған 30-40 минут уақыт керек.
Наурыз көженің толық дайын болуына 3-4 сағат уақыт жұмсалады.
Алдымен етті бөлек асып аламыз, негізінен еттің сүрленген болғаны абзал. Ал оның ішінде қазы болса тіптен жақсы.
Одан соң ақ жүгеріні пісіреміз, өйткені ол еттен кейінгі ұзақ пісетін дән.
Келесі кезекте сары жүгеріні қайнатамыз, жүгеріні пісіруге 40 минут уақыт кетеді.
Және соңынан бидайды пісіріп аламыз. Бұны пісіруге жарты сағат жеткілікті.
Ендігі уақытта ет пен дәндердің басын қосып тағы бір қайнатып алады, бұл жерде басты ескеретін нәрсе дәннің езіліп кетпеуі тиіс.
Әр дәнді пісіріп алған соң оны аздап суытып алады.
Жүгері мен бидайдың Наурыз көженің дәмін келтіруімен қатар құнарлылығы жоғары, яғни адам күні бойы тоқ жүреді.
Ендігі қалғаны оған қатық қосу. Бұл жерде таңдау еркі беріледі біреулер қатық, біреулер айран, енді басқалары құртты қайнаған суға езіп соның соны қосады.
22 наурыз 2020 ж. 664 0