№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » » Ұлт болып бірлесудің ұлы жолы

Ұлт болып бірлесудің ұлы жолы

Ғұлама Абай – қазақ топырағынан шыққан әлемдік деңгейдегі кемеңгер. Ол күллі адамзат баласына ақыл-ойдың жемісін сыйлады. Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласындағы қазақтың кемеңгер ақыны Абай Құнанбаевқа берген шынайы бағасы. Расында Абайды қалай дәріптесек те жарасады. Оның ғибратты ғұмыры мен шынайы шығармашылығы – қазақ халқына ғана емес, жаһан жұртына да үлгі-өнеге. Абайдың адам мен қоғам, сол қоғамдағы сан сала, дін мен дәстүр, табиғат пен қоршаған орта туралы айтқан ой-тұжы­рымдары ғасырлар өтсе де маңызын жоғалтқан емес. Қайта бүкіл адамзат баласының рухани азығына айнылды.
Биыл ақынға 175 жыл толды. Осыған орай, Мемлекет басшысы мақалада іс-шара жоспарымен бөлісіпті. Толық оқып шықтым, торқалы тойдың тағылымы өте маңызды. Өйткені, Абайды толық тану, оның шығармашылығымен сусындау өскелең қазақ жастары үшін аса құнды. Әсіресе озық отыздыққа ұмтылған біздің мемлекеттің бүгінгі жас ұрпағы Абай өнегесімен жүру тиіс. Оның шығармасынан қазақ ұлттық деңгейдің жаңа кезеңіне көтеріліп, дамыған елдердің төріне озады. Біз Абай өлеңдерімен сусындап, өнегесінен тәлім алып өстік. Өндік, есейдік, қазір зейнет жасындамын. Сондықтан, осы дәріптеудің жыл сайын жалғасын тапқанын қалаймыз.
Сондықтан Абай мұрасы – біздің ұлт болып бірлесуімізге, ел болып дамуымызға жол ашатын қастерлі құндылық.
Сөз соңын Мемлекет басшысының мына сөзімен түйіндегенді жөн көрдім. «Абай арманы – халық арманы. Халық арманы мен аманатын орындау жолында аянбағанымыз абзал. Абайдың өсиет-өнегесі ХХІ ғасырдағы жаңа Қазақстанды биіктерге жетелейді». Иә, біз Абайды насихаттап, сол жолмен жүре отыра әлем мойындаған алпауыт мемлекетке айнала аламыз.
Тұрсынай МЫРЗАТАЕВА,
ардагер кітапханашы

09 қаңтар 2020 ж. 744 0