АБАЙ ТАҒЫЛЫМДАРЫ КЕЛЕШЕК ҰРПАҚ ҮШІН МАҢЫЗДЫ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында көтерген мәселелері қай уақытта да өзектілігін жоғалтпайды. Себебі ел назарын аудартып отырған бұл мақалаға әлемдік деңгейдегі биік тұлғаның туындыларының насихатталуы арқау болады.

Абай – ұлы ақын, жазба әдебиетінің негізін қалаған ойшыл. Ақынның шығармалары мен қарасөздері педагогикалық ой-пікірге, тәлім-тәрбиеге, даналыққа толы. Мен 30 жылдан аса мұғалімдік қызметімде Абай тағылымын оқушыларға айтып түсіндіруден еш жалыққан емеспін. Содан болар Абай тағылымына келгенде жоғары сынып оқушылары еш мүдірместен кез келген шығармасын, қара сөздері мен өлеңдерін жатқа біледі. Ал бұл дегеніміз Абайды дәріптеудің алғашқы сатысы. Бұған Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың да назар аударуға шақырғаны ел үшін құптарлық іс. Ол үшін ұлы ақынды насихаттауда аударма істерін қолға алып, мән беру керек. Абай сөздерінің иірімділігі осынысымен құнды.
Абайды тану – адамның өзін-өзі тануы.... Біз елді, ұлтты Абайша сүюді үйренуіміз керек....Демек, Абайдың сөзін біздер әр құлаққа ұялата алсақ, қазақтың биік бір шыңға шағары хақ.
№3 мектеп-интернаттың
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі
Гүлнар Әлібекова