№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
» » » Ұлт болып ұйысудың даңғыл жолы

Ұлт болып ұйысудың даңғыл жолы


Абай – кемеңгерліктің асқақ шыңы. Қазақтан шыққан әлемге танымал тұлға. Оның терең де тағылымды, философияға баланатынұшқыр ойлары мен өміршең өлеңдері күллі әлемнің сүйсіне оқып, таңданатын әдеби мұрасына айналған.
Жуырда ғана ел Президенті жариялаған «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» мақаласы қалың бұқараға ұлттың ұлы тұлғасын дәріптеуді ғана емес, Абай арқылы жаңаша жаңғырудың жолын көрсеткендей. Расымен де батыстың менталитетіне бой алдырып, тарихи салт-санамыз ұмытыла бастаған шақта бұл рухани құндылықтың жаңғыруы күллі қоғамға қажетті дүние.
«Жаңғыру – өткеннен қол үзіп, тек жаңа құндылықтарға жол ашу деген сөз емес. Шын мәнінде, бұл – ұлттық мұраларымызды бүгінгі оң үрдістермен үйлестіре дамытуды көздейтін құбылыс. Бұл ретте біз Абайды айналып өте алмаймыз. Себебі ұлы ойшыл осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын ұлтты жаңғыруға, жаңаруға, жаңа өмірге бейім болуға шақырған». Иә, Президент Қасым Жомарт Кемелұлы айтқандай, жаңғыру  тарихымызды тірілте отырып, болашаққа бағдар жасай  білу. Бұл орайда бұқараға хакім Абайдың өшпес мұрасы мәңгілік шамшырақ болатыны да айқын.
Президент бұл мақаласы арқылы  қазақтың әр шаңырағында Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романы мен асқақ ақынның жыр жинақтары тұруы керектігін айтты.  Бұл – «Абай жолын оқымаған қазақ, қазақ емес» деген пайымды пікірмен қатар ұштасатындай. 
Екіншіден, Қасым Жомарт Кемелұлы 2019 жылы бүлдіршін Ләйлім-шырақтан әдеби эстафетаны қабыл алу арқылы бүтін ұлтпен етене байланысты, ашықтық пен зиялылық ұғымын қалыптастырды. Осының нәтижесінде ұлт көшбасшысы бастаған челленджге күллі қазақ жастары, ұлағатты ұстаздары мен көнекөз қариялары да атсалысты. Әрі Абай руханияты қайта жанданып, қазақ кемеңгерінің асқақ ойлары, пайымды пікірлері, қара сөздері мен жыр жауҺарлары ел жадында қайта жатталып, әсем әндері әлемнің әр түкпірінен асқақтата шырқалды. Демек, ұлт болып ұйысудың даңғыл жолына шақырар мұндай әдеби челлендждер әлі де жалғасын табатыны айқын.
Үшіншіден, Абай ілімі – күллі халықты тәрбиелейтін құрал. Президент мақаласына арқау еткендей, толық адам идеясы – ұлы ойшылдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде орын алған. Дүниедегі 5 асыл іс пен 5 нашар қасиетті салыстыра суреттеу арқылы, адами болмыстың мәнін ашқан дара тұлғаның барлық өлеңі де халықтың көзін ашу, рухани сусындатып, ілім мен білімге, көптілді меңгеруге бағытталған. Яғни, Абай мұрасы әлі де толық зерттеп, зерделеуді қажет етеді. Абай шығармалары арқылы бүтін елді мәңгілік жарқын жолға бастауға болатындай.
Мен қаны қазақ ұлт ретінде, қазақтың маңдайына біткен жарық жұлдызының мәңгілік мұрасын оқып, сусындау арқылы өз өмірімнің кірпішін қалаудамын. Ертеңгі елдің тұтқасын ұстар ұрпақ тәрбиелеуші ана ретінде өз балаларымды Абай мұрасымен сусындатудамын. Ал, әлеуметтік педагог ретінде өз жұмысыма Абай руханияты арқылы бағдар қоюдамын.
Сөз соңында, Абай мұрасы – рухани жаңғыруымыздың негізгі кепілі дер едім. Бүгінгі таңда Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжі де Абай Құнанбаев құндылықтарын басты арнаға қойып, әдеби тағылымды кештер ұйымдастырылуда. Бұдан бөлек, студенттер арасында ақын шығармаларын, қара сөздерін жатқаайтудан өзара жарыстар ұйымдастырылды. Сондай-ақ, облыстық білім басқармасы мен әдістемелік бірлестік ұйымдастырған Ұлы Абайдың №175 жылдығында колледж студенті Жұпан Арайлым «Абай ілімі және рухани жаңғыру» тақырыбында ғылыми жоба қорғап, бас жүлдені иемденді. Бұл да болса, білім ордасының студенттерінің қазақтың бас ақынына деген құрметінің, оның шығармаларына деген құштарлықтың басымдығының нәтижесі болса керек.

Гүлмира НАҚЫПБЕКОВА,
Жаңақорған аграрлы-техникалық колледжінің әлеуметтік педагогы
19 қаңтар 2020 ж. 1 316 0