№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Жаңғыру жолы


Абай сөзі – қазақтың бойтұмары, Абай мұрасы – қазақтың қасиетті қазынасы. Оның ілімі халықтың рухани жаңғыруымен тығыз байланысты, ал даналығы қазіргі заманмен үндес. Мемлекет басшысының мақаласынан осыны терең ұғындық. Яғни Абайдың философиясын, «толық адам» тұжырымын бағдаршам етіп, кемелденудің, жаңғырудың, жаңарудың жолын ұстануымыз тиіс.
Президент: «Жаңғыру – өткеннен қол үзіп, тек жаңа құндылықтарға жол ашу деген сөз емес... Шын мәнінде, бұл – ұлттық мұраларымызды бүгінгі оң үрдістермен үйлестіре дамытуды көздейтін құбылыс. Бұл ретте біз Абайды айналып өте алмаймыз. Себебі ұлы ойшыл осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын ұлтты жаңғыруға, жаңаруға, жаңа өмірге бейім болуға шақырған», – деді.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы ұстаз мәртебесіне тоқталып, білім беру саласын заманға сай дамыту қажеттілігін атады.
Бүгінде білім саласы жаңартылған оқу бағдарламасы аясында жаңартылған мазмұнға көшті. Ұстаздардың біліктілігін арттырып, оқушының еркін ойлау қабілетін дамытуға басымдық берілуде. Енді саналы білім беруде Абай мұрасын кеңінен дәріптеп, Абайтану ілімін дамыту маңызды.
Сондықтан Абайдың 175 жылдығы аясында ұйымдастырылатын рухани-мәдени шаралардың жоғары деңгейде өтуіне ұстаздар мен оқушылар белсенді қатысатынына сенемін.

Мира ЖАНДАРБЕКОВА,
аудандық білім бөлімінің тәрбие
ісі жөніндегі бас инспекторы
11 қаңтар 2020 ж. 967 0