№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Төркіндеу


1979 жылдың сәуірі болатын. Он бір жасар кезім. Күн сенбі еді. Таңертең әкемнің сыныптасы Түрікменбай келді. Шәй ішіп алған соң, әкем трактордың кабинасына жайғасты. Тележкаға шешем, апам, мен, інім, екі қарындасым отырдық.
Бізден Үстіртке қарай он шақырымдай жерде нағашыларымыздың ауылы. Солай қарай бағыт алдық.
Шешем:
-Балаларым, нағашыларың төркіндеуге шақырыпты. Соған бара жатырмыз.
-Төркіндеу деген не?-деп сұрадым.
-Халқымыз "Қыз жат-жұрттық" -дейді ғой. Барған жеріне сіңісіп, балалары болып, бірнеше жыл өткен соң, әкесі төркін жұртына, өзі өскен үйіне қонаққа шақырады. Оған күйеуін, балаларын алып баруы керек. Нағашыларымен дидарласады.
Төркіндеу өмірінде бір-ақ рет болады. Басқа кезде жәй қонақ болып бара береді.
Бардық. Бәріміз мәз-мейрам.Туған нағашымыз да, інісінің үйі де қой сойып, қонақ етуде.
Келесі күні түстен соң біз ауылға аттанар алдын, әке-шешемізге, балаларға киім берді. Бірімізге костюм-шалбар, кейбірімізге көйлек пен жейде бұйырды.
Соның алдында келген көршілерінің бірі ішіп алған болу керек, теңселіп отыр.
Нағашымыз үйіндегі түйенің бірін шешемізге атады.
Сол кезде көршісі:
-Сәке! Мұныңыз не? Үйіңде бар болғаны екі түйе. Оларда екі жылдан бір боталайды. Әр жылы бірінің шұбатын ішіп отырсыңдар. Алдыңғы он-жиырма жыл бұрын да жоқшылық болды. Енді тоқшылық басталып кетті ме? Басқа елге кеткен қызыңызға балдардың несібесінен жырып, екі түйеңіздің бірін бергеніңіз артық-деді.
-Тәйт, -деді нағашым даусын көтеріп-Қайдағыны айтпа! Төркіндеу ата-бабамыздан келе жатқан дәстүр. Қазағымыздың ұлттық құндылықтарын қастерлей білуіміз керек. "Ақтабан шұбырынды" кезінде де, ашаршылық жылдарында да ұлттық болмысымызды жоғалтпай, салтымызды сақтай білдік.
-Жөн!
-Өте дұрыс-деп жатты басқалар.
Шешеміздің төркіндеуіне нағашымыз берген түйені ауылымызға алып келдік. Бірақ ылғи, өскен ауылына қашып кете беретін болды. Жарты жылдай ұстадық. Көбіне тұсап қоямыз. Бірақ ебін тауып, түйе туған жеріне тайып тұрады. Содан ата-анамыз оны сол ауылдағы біреуге сатып жіберді.
Анам:
-Ұлтымыздың салтымен келген түйе еді. Біздің ауылға көндікпеді.
Оның ақшасына киіз үй алайық. Әкемнің көзі болсын. Оның үстіне жазда күн ыстықта сонда тұрамыз. Балаларымызда ата-бабалары секілді үйде тұрып, шаңыраққа қарап, уықпен керегедей септесіп сезініп өссін. Ұлы ұлттың ұрпақтары өз құндылықтарын сезінгенде қуаттана түседі-деді. Алты қанат киіз үй алдық. Туырлығын күннің уақытына қарай ініміз екеуміз өзгертіп қоямыз. Шаңырақтан арғы жағындағы көкке қарап жатып өскен біздер халқымыздың салт-дәстүрлерін шама-шарқымызша бойымызға дарытуға тырыстық.

Алданазар Жайлыұлы
05 қаңтар 2020 ж. 1 148 0