№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Шипалы бұлақ

Шипалы бұлақ


Шілдедегі қапырық қинады ма, әлде күн ыстық деп ас ішпей жүргенінің салдары ма, сегіз жасар балам екі күн мазасызданып жүрді.
Дене қызуы жоқ, еш жері ауырмайды. Тек басы солқылдайтынын айтып, жата береді.
 Жексенбі болатын. Баланың күнімен үйден шықпағаны дұрыс болмас деп, кешкі астан кейін серуендеуге сүйрегендей етіп алып шықтым. Сүйретіле ілесіп, ілби басып келеді. Көңілін ауламақ болып түрлі әңгіме айтып мен жетектеп жүрмін. Үйімізге жақын жерде Қошқар ата өзені ағатын. Салқындау ғой деп соған қарай бұрылдық. Бірнеше бала арнайы құбыр тартылып қойған жерден баклажкаға су толтырып алып жатыр екен. Алақандарын толтыра ішіп те жатыр. Балама сол судан ішкіздім. Ол кезде ойымда түк жоқ. Тек күн ыстық болған соң таңдай табанда кеуіп кетеді емес пе? Сондықтан шөл басқан түріміз.
 Сәлден кейін балам тағы да су ішемін деді. Бұл жолы бетін де бұлақ суына жуып келді. Жарты сағаттай серуеннен кейін үйге қайттық. Ұйқы алдында ол басы ауырғаны қойғанын айтып, қуанышын білдірді. «Бұлақтың суы шынында да қасиетті екен ә?» – деп қояды таңданып. Мен оны серуеннен кейін сергіп қалғаны деп ойладым.
 Келесі аптада балмұздақ жеп, мұздай су ішкеннен қызымның тамағы ауырды. Мен жұмыс­та кезде қызуы көтерілген оған інісі «ем жасапты»: Қошқар ата бұлағынан су әкеліп берген. Соның бір кесесін ішкеннен кейін аздап ұйықтап алған қызым дене қызуы қайтып, тамағы ауырғаны басылғанын айтып, жұмыстан келген менен сүйінші сұрап тұр.
 Осы жағдайдан кейін балаларым күнделікті үйге бұлақ суын әкеліп қоятын болды. Атамыздың асқазаны қыжылдаса да осы суды ішіп, тәуір болады. Мұндайда біз балаларға рахмет айтамыз. Солар мән бермесе, Қошқар ата бұлағының мұндай шипасын білмей жүре беруіміз мүмкін еді.
 
.
  Дереккөз: Zamana.kz
04 қыркүйек 2018 ж. 2 741 0