№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Екі ағайын



Бұрынғы өткен замандарда екі ағайын бауыр өтіпті. Олар аталарынан мұра боп қалған шаруамен айналысады екен. Біреуі үйленген, балалы-шағалы екен де, екіншісі бойдақ екен. Тыным таппай кешке дейін еңбек етіп, күн соңында тапқан пайдаларын теңдей етіп бөліп алатын.
Күндердің күнінде бойдақ інісі өзіне өзі: «Осы біздің тапқан пайдамызды теңдей бөліп жүргеніміз дұрыс емес-ау. Менің басым жалғыз. Қарап отырған бала-шағам жоқ. Қажеттіліктерім де шамалы» деген ойға келеді. Содан бастап күн сайын түнде бір қап дәнді білдірмей ағасының қоймасына апарып тастап отырады.
Сол күндерде үйлі-баранды ағасы да отырып: «Осы біздің табысымызды тең бөлуіміз мақұл емес. Мен болсам, балалы-шағалымын. Қартайсам, бағып-қағатын жандар бар. Ал інім жалғыз ғой. Ол қартайса не болады? » деп ойға батады. Сөйтіп ол да күн сайын түнде бір қап дәнді інісінің қоймасына апарып тастай береді. Осылайша арада айлар өтеді, жылдар өтеді. Екі бауыр да не болып жатқанын түсінбейді. Өйткені бір қапты апарып тастаса да, таң ертең саны түгел болып тұрады. Бір күні екеуі де қаптарын бауырларының үйіне сүйреп келе жатып бір-біріне соқтығысып қалады. Сол кезде ғана екеуі жағдайды түсінді. Қаптарын жерге қоя салып бір-бірін кеуделеріне басып, қатты құшақтады.
өмірдегі ең үлкен бақыттың бірі өзіңді біреу жақсы көретінін сезу екен.
03 қаңтар 2020 ж. 1 124 0