№93 (8804) 23

23 қараша 2024 ж.

№92 (8803) 19

19 қараша 2024 ж.

№91 (8802) 16

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Білгенге маржан!



Тұсауды - жасы келген, науқас, жүрісі сылбыр кісілер, тұрмыс құрмаған қыз, үйленбеген жігіт кеспейді! Үлкен кісілер ала жіп байлап, батасын береді.


Ұлдікін - ісі тындырымды ер-азамат, қыздікін қимылы ширақ келіншек кеседі. Тұсаудың ақ пен қара араласып есілген ала жібі баланың алдынан тек пышақпен кесіледі! Қайшыда екі жүз бар, баланың қадамы қайшыланбасын! Дүмшелерге еріп баланың артынан тұсау кесудің қажеті жоқ. Өйткені бала көткеншектеп артқа емес, АЛДЫҒА жүреді! Қызылала-жасылала жіпті базардан сатып әкеп жаңалық ашуға құмар болмаңдар. Ақ пен қара араласып есілген ала жіптің мәні - балам біреудің ала жібін аттап ұры боп шықпасын деген шолақ түсінік емес, өмірде қатар кездесетін жақсылық пен жамандықтан, қуаныш пен қайдыған жасып қалмай, тасып кетпей тең өтсін деген ниетпен байланып кесіледі! Ақ пен қара - тіршіліктің символы! Көрінгеннің көзіне түскен, көрінгеннің энергиясын жинаған қызылала, көкала, тіпті базардағы дайын ала жіптің өзіне жүгірмей, кешке дейін телефонға телмірмей, әжелері немерелеріне ала жіпті жақсы тілеу тілеп өзі есіп дайындағаны жөн. Солай! Орыс та, араб та, дүмше де болма, қолыңнан келсе, қазақ бол, ұрпағыңды қазақ қыл!

Авторы Айгүл Болатханқызы
18 қараша 2019 ж. 814 0