№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

№99 (8810) 14

14 желтоқсан 2024 ж.

№98 (8809) 10

10 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » Балам шыншыл болсын десеңіз

Балам шыншыл болсын десеңіз



Бір кісі үш жасар және жеті жасар екі баласын ертіп, футбол ойынын тамашалау үшін орталық стадионға барады. Касса маңдайшасында:
Билет құны:
«Үлкендерге: 1000 теңге
6 жастан асқан балаларға: 500 теңге
6 жасқа толмаған балаларға кіру тегін», - деп жазылып тұр екен. Әлгі жігіт:
- Маған екі билет беріңіз. Бір үлкен, екіншісі 7 жасар балаға, - дейді. Сонда артында кезек күтіп тұрған бір жігіт сыбыр етіп:
- Балаң алтыға толмаған десең кім тексеріп жатыр? 500 теңге қалтаңда қалар еді ғой», - дейді жанашырлық танытып. Сонда әлгі кісі өнегелі әкенің үлгісін танытып:
- Иә, дұрыс айтасыз, ағасы. Балам алтыға толмаған десем, ешкім тексермес еді. Алайда, бізді Алла көріп тұр ғой! Оның үстіне, мына балам менің бұл өтірігімді өмір бойы өзіне үлгі етіп алар еді. «Балам шыншыл, адал болсын» деген адам алдымен өзінен бастауы керек. 500 теңгеге бола ешқашан түзелмейтін қателік жасап, өкініп қалғым келмейді», - деген екен.
Иә, баланы тәрбиелеп әуре болудың қажеті жоқ, ол бәрібір сізді қайталайды. Жамандық тез жайылатыны секілді, мына өмірде жақсылық та баланың бойына тез жұғады, оңай сіңеді. Сондықтан балаңыз дүрыс жолда жүрсін десеңіз, өзіңіз із салып беретініңізді ұмытпаңыз.
25 маусым 2019 ж. 1 671 0