№102 (8813) 28

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (8812) 24

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (8811) 21

21 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Ұмытылмас есім

Көңілді отырыстан сейілдеп сыртқа шықтық. Сөзіміз жарасып кетті. Өткен-кеткенге ой шарлап,  терең тұнықтан, тіпті тұңғиықтан «тіріліп» шыққан тақырыптар шексіз шертіліп жатыр. Күзгі салқын сызды сезбей тұрмыз, тоңғанымыз ұмытылды.  Негізгі әңгімеші — Низамиддин Шалкеев. Ауған соғысының ардагері.

Қожакентке Өзбекстаннан көшіп келген, елудің үстіндегі азамат. Өзі адамды баурап алатындай әңгімешіл екен, бірінен соң бірін сабақтап, қызыққа қанықтырып жатыр. Әңгімеге ұйып кеткенім соншалық, көзді бір нүктеге қадап, ойланып қалдым. Кенет көзім қолына түсті. «Аппаз» деп жазып алыпты. Низамиддинның лақап аты болар дегенімше, ол аңғарып қойып: —Мұның тарихы бар, —деді. Сөйтті де терең күрсініп алып, алыстағы Ауған жеріне ауысты.
Одақтың бұйрығы бойынша интернационалдық борышын өтеуге мұсылман баласы Ауған еліне үстін-үстін келіп жатыр. Мен сержант мектебін Ашхабадта бітірген  бөлімше командирімін. Арада алты ай өткенде, 1981 жылы жаңа шақырылым сарбаз қосылды. Ішінде Түркістан қаласы Аманкелді ауылынан Аппаз Мамырайымов деген жігіт болды. Қысқа уақытта бізбен тез тіл табысып, ол өзінің мықты жігіт екенін көрсетіп үлгерді. Осылай бір үйдің баласындай бауыр басып кеттік. Оның үстінде соғыс жүріп жатқан жерде қандасың ең жақының, бүйрегің бұрып тұрады.
Бірде Баграм жолында кескілескен ұрыс болды. Тау шатқалынан шабуыл жасаған душмандар колоннадан бір көлікті бөліп тастады. Мұны жау аймағында тастап кету әскер жағдайында кешірілмейді. Сондықтан көліктегі азербайжан жігітін құтқару үшін Аппаз өзі сұранып кеткен еді. Ол содан оралмады. Жеті жерден тиген оқ оның жанын жалмап кетті. Арамызда кеткен бірінші қазақ баласы бізге ауыр тиді. Ал, оның ата-анасына ше? Отан қорғауға жіберген баласын күнде аман келсе деп күтіп отырған жоқ па? Енді не істейміз? Біз, жігіттер ақылдасып хат жаздық.
«Құрметті әке, ана! Сіздер нағыз ерді өсірдіңіздер! Аппаз өлген жоқ, осындағы барлық қазақ баласы сіздердің балаларыңыз. Біз досымызды жоқтатпаймыз, сіздермен біргеміз!»
Хаттан кейін сарбаздар арасында алыпқашпа әңгіме жүріпті. Ертен әскерден босаған соң бәрі де ұмытылады деген. Бұл қайшы сөз жон арқамды қамшыдай осып кеткендей болды. —Жоқ, жігіттер, мені ұмытпаймын. Әлі де қарап тұрыңдар, мен Ерқанат көкенің бір баласы болам дедім де қолыма ойып тұрып «Аппаз» деп жаздырдым. Мынау сол жазу, бауырым!
Қазір Ерқанат көкелермен араластығымыз ағайыннан артық. Жақында келін түсірдім, құдамен қатар сол кісілер тойда отырды. Мен де олардың әрбір шарасынан қалмаймын.
Ерқанаттың ерлігі еш кетпеді. Қайтыс болғаннан кейін оған «Қызыл жұлдыз» ордені берілді. Туған ауылы — Нұртас ауылында бір көше оның есімімен аталады. Зиратына тас тұғыр қойылды, — деді Низамиддин.
Ия, бір есімнің тарихы осылай ақтарылды.
Қаныбек ӘБДУОВ,
Қожакент-Жаңақорған.
18 қазан 2019 ж. 654 0